Доллар 474 теңгеден сатылуда

Ақша айырбастау орындарында доллар мен еуро бағамы өсуде.

Доллар 474 теңгеден сатылуда

Kurs.kz сайтының 13:00-дегі мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың сатылымдағы бағамы 474 теңгеге жеткен, деп жазды inbusiness.kz. Сатып алу бағамы 469 теңге.

Нұр-Сұлтанның айырбастау орындарында сату – 473 теңге, сатып алу – 468 теңгеге жетті.

Алматыдағы айырбастау орындарында еуро 532 теңгеден, Нұр-Сұлтанда 530 теңгеден сатылуда.

Айта кететіні, Қазақстан қор биржасында сауданың басталуы сағат 14.00-ге шегерілді. Сауда-саттықтың басталу уақытының өзгеруі сауда және клиринг жүйесінің жұмысындағы ақау деп түсіндірілді.

Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 13,5%-ға дейін көтерген болатын.

"Мөлшерлемені көтеру теңгедегі депозиттерді сақтауға көмектесуі мүмкін, өйткені олар автоматты түрде мөлшерлемелерді арттырады және шетелдік инвесторлардың теңгелік активтерден кетуін азайтады. Мөлшерлеме неғұрлым жоғары болса, олар соғұрлым тартымды болады. Дегенмен мұндай шешім уақытша болуы керек, өйткені ол экономиканың болашақ дамуына ықпал етеді", – деп жазды қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев өзінің авторлық арнасында. 

Еске сала кетсек, Қазақстан қор биржасында 24 ақпан сағат 11:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 452,49 теңге болды. 23 ақпан күні таңертеңгі мәліметтермен салыстырғанда (1 доллар үшін 437,35 теңге) ұлттық валюта долларға қатысты 15,14 теңгеге әлсіреді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу