Қазақстандық боксшының 72,5 келіге дейінгі орта салмақтағы чемпиондық белдігі әлі де сақталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңартылған тізімнің үздік үштігінде Ұлыбритания өкілі Дензел Бентли, Венесуэла боксшысы Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес тұр.
Допинг дауы бола тұра, Бүкіләлемдік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесін өзгертпей отыр.
Осыған дейін спорт саласындағы белгілі тұлға Камил Гаджиев істің соңы боксшының барлық атағынан айырылуына әкелуі мүмкін екенін жеткізді. Десе де, қазақстандық спортшы Халықаралық бокс федерациясы нұсқасы бойынша да чемпиондық белдігін сақтап қалған.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының сынамасынан тыйым салынған зат табылып, оған арнайы тексеру басталған еді. Осы күні боксшы тексеру аяқталғанға дейін жекпе-жектерге қатысудан уақытша шеттетілген.
Бұған дейін әлем чемпионы Карлос Адамес допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырған болатын.