Бұл қазақ-өзбек текетіресіндегі төртінші жұп болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төрешілер 3 раунд қорытындысы бойынша өзбек боксшысының шеберлігін жоғары бағалады.
Бұған дейін 48 келі салмақта Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевтен, 57 келіде Оразбек Асылқұлов Миразизбек Мирзахалиловтан жеңілсе, 54 келі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан Шахзод Музфаровтан басым түскен еді. Енді 67 келіде жұдырықтасатын ел боксшысы Дулат Бекбауов Мужибилло Тұрсыновтан (Өзбекстан) жеңіліп, күміс медальға ие болып отыр.
Әзірге қос команда арасындағы жалпы есеп – 1:3. Әлі қазақ пен өзбектің 3 боксшысы өзара алтын жүлдені сарапқа салады. Олар – Абылайхан Жүсіпов және Хавасбек Асадуллаев, Диас Молжігітов Джавахир Умматалиев Бекзат Нұрдәулетов пен Жасұрбек Юлдашев жұбы.
Бұған дейін Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтынды Махмұд Сабырхан салған еді.