Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың қарқын алуын күтіп отыр

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
13547

Мемлекет негізгі инвестор болады да, әлемдік экономиканың өсу қарқыны 2,7%-ға дейін жетеді.

Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың қарқын алуын күтіп отыр

Дүниежүзілік банк сейсенбі күні жарияланған "Әлемдік экономиканың келешегі" атты есебінде осындай мәліметтерді келтірді.

ДБ болжамы бойынша, осы жылы экономикасы дамыған елдерде 1,8%-ға дейінгі біршама өсу байқалады. Сонымен бірге алдыңғы қатарлы елдердегі, әсіресе Құрама Штаттардағы қазыналық ынталандыру – экономикалық өсудің қарқынын алда келтірілген ел мен жаһандық деңгейден арттыруы мүмкін. Алайда бұған сауда саласындағы қолдампаздықтың күшеюі кедергі болуы мүмкін. Нарығы қалыптасып жатқан және дамушы елдердегі өсу 2016 жылдағы 3,4%-дан биржалық тауарлар бағасының бірқалыпты өсуімен биыл 4,2%-ға дейін артуы керек.

Биржалық тауарды экспорттаушы-дамушы елдер мен нарық қалыптасып жатқан елдердегі өсу 2017 жылы 2,3%-ды құрайды деп күтіліп отыр. Бұл елдердегі өсу осы жылы 5,6% болу керек. Жасалған болжамдарға сүйенетін болсақ, Қытайдағы өсудің баяулауы 6,5%-ға дейін жетеді.

Алайда бұл болжам алдыңғы қатарлы елдердегі саясаттың бағытына қатысты тұрақсыздықтың болуынан күшейіп отыр. Бұл тұрақсыздықтың ұзаққа созылуы төмен, орта, жоғары кіріс деңгейі бар елдердегі экономикалық өсуге кедергі келтіріп отырған инвестициялардың өсуін баяулатады.

Инвестицияның өсуінің баяулауы оларды жоғары дағдарыстық деңгейге дейінгі салыстырумен түзетілуге байланысты, сондай-ақ ол өсуге кедергі келтіретін факторлармен байланысты болуы мүмкін.

ДБ сарапшыларының пікірінше, жеке инвестицияның көбеюіне мемлекет көмектесу керек. Яғни өздері инвестор болуы керек. Жеке капиталдың жандануына нақ осы мемлекеттік инвестиция ықпал етеді. Бұған сарапшылар мынадай ұқсастықты келтіреді, егер жаңа көшелер салынбаса, онда жеке сектор жаңа ғимараттардың жеке капиталына қаражат салуға қызықпайды.

Аймақтық даму жайында сөз қозғайтын болсақ, онда болжамға сәйкес Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймағындағы өсу 2017 жылы 6,2%-ға дейін баяулайды. Қытайдағы өндіріс көлемінің өсуі бір жылда 6,5%-ға дейін баяулайды. Ішкі сұраныстың әлсіз, жеке инвестициялар деңгейінің төмен болуына, сондай-ақ кейбір саладағы қуаттылықтың шектен тыс көп болуына қарамастан, макроэкономикалық саясат өсудің ішкі драйверлерін ұстап тұрады.

Қытайды есепке алмағанда, 2017 жылы аймақтағы өсу қарқыны 5%-ға дейін артады. Көп жағдайда бұл биржалық тауардың экспорттаушы-елдердегі өсуінің ұзақ мерзімді орташа көрсеткіш деңгейіне дейін қалыпқа келуімен байланысты болады. Қытайды есепке алмағанда, биржалық тауарды импорттаушы елдердегі өсу жалпы тұрақты деуге болады.

Еуропа мен Орта Азия 3,5%-ға дейінгі өсу қарқынын көрсетеді деп болжанып отыр. Ең бірінші, экспорттаушы-елдердегі және Түркиядағы биржалық тауарлардың өсуінің жандануы арқасында іске асып отыр. Болжам биржалық тауарлар бағасының қалыпқа келуімен және саяси тұрақсыздықтың азаюына байланысты болады. Ал Ресейдегі өсу қарқыны мұнай бағасының төмен болуына бейімделудің аяқталуына байланысты бір жылда 1,5%-ды құрайды. Ал Әзербайжандағы экономикалық өсу 1,2% деңгейінде болады, ал Қазақстанда биржалық тауарлар бағасының тұрақталуы мен экономикалық үйлесімсіздіктің қысқаруынан 2,2%-ды құрайды. Украинадағы өсу 2%-ға дейін жетеді.

Латын Америкасы мен Кариб басейндеріндегі өсу 1,2% болады. Бразилиядағы өсу 0,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр, оған ел ішіндегі ұстап тұрушы факторлардың әлсіреуі себеп болады. Мексикадағы инвестициялық қызметтің әлсіреуі Құрама Штаттағы саяси тұрақсыздықпен байланысты болады, ол биылғы жылы өсудің 1,8%-ға дейін айтарлықтай баяулауына әкеледі. Аргентинада бюджеттік шоғырланудан ауытқу және инвестицияның нығаюы өсуді ұстап тұруға себеп болады. Ол қазіргі болжам бойынша, 2,7%-ды құрайды, ал Венесуэланың экономикасы биыл 4,3%-ға қысқарады. Кариб бассейні елдеріндегі өсу 3,1% деңгейінде тұрақты болады деп күтіліп отыр.

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка өсудің 3,1%-ға дейін артқанын көрсетеді. Сонымен бірге мұнайды импорттаушы-елдер де шамалы өсу байқалады. Мұнай экспорттаушы елдер ішіндегі Саудияда 2017 жылы 1,6%-ға дейінгі біршама өсу болады деп болжанып отыр. Ал Ирандағы мұнайды одан әрі өндіру мен шетелдік инвестицияларды кеңейту өсуді 5,2%-ға дейін жеткізуге көмектеседі. Болжамға мұнай бағасының орташа есеппен бір жылда бір баррель үшін 55 долларға дейін өсу мүмкіндігі негіз болып отыр.

2017 жылы Оңтүстік Азияда 7,1% деңгейіне дейінгі біршама өсу қарқыны болады деп болжанып отыр, мұндай қарқын бұған дейін Үндістанда болған-тын. Үндістандағы қазіргі өсуді есепке алмағанда, 2017 жылы өсу 5,5%-ға жетеді деп күтіліп отыр. Өсудің артуына инфрақұрылымдық инвестицияларды жекеменшік және мемлекеттік тұтыну деңгейінің жоғары болуы, сонымен бірге жеке инвестицияларды қалыпқа келтіру себеп болады. Ішкі ұсыныс саласындағы кешіліктерді жоюға мүмкіндік беріп, өнімділікті арттыратын реформаны жүргізу 2018 қаржылық жылда Үндістандағы өсу қарқынын 7,6% -ға жеткізеді деп болжанып отыр. 2018 қаржылық жылда Пәкістандағы өсудің қарқыны 5,5%-ға дейін жетеді деп болжанып отыр. Бұл ауылшаруашылық және инфрақұрылым саласындағы шығындардың жақсарғанын көрсетеді.

Биржалық тауарлар бағасының төмендеуіне аймақтың бейімделуі жағдайында 2017 жылы Сахарадан бастап Африканың оңтүстігіне қарайғы аймақта 2,9%-ға дейінгі біршама өсу қарқыны болады деп болжанып отыр.

Оңтүстік Африка Республикасында және мұнайды экспорттаушы елдердегі өсу төмен болады, ал табиғи-ресурсы үлкен емес елдердегі өсу тұрақты болуы керек. Осы жылы Оңтүстік Африка Республикасында 1,1%-ға дейін біршама өсу болады деп күтіліп отыр. Нигерияда 1% деңгейіндегі құлдыраудан кейін өсу қалыпқа келеді деп күтілуде. Болжамдарға сәйкес Анголаның экономикалық өсу қарқыны 1,2%-ды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу