Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алғашқы алтынды Франция еншіледі

324

Спортшыларымыз алдағы үш күнде 3 стиль (азия, түрік, қазақ) бойынша жүлдеге таласатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алғашқы алтынды Франция еншіледі Фото: kaz.inform.kz

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күнінде спортшылар жамбы ату спортының мажар стилі бойынша жүлдеге таласты.

Осылайша, жарыстың алғашқы алтынын Франция иеленді.

Жамбы атуға 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысты. Олар 11 топқа бөлініп, үздіктер іріктеліп шықты.

Нәтижесінде, Франция құрамасының спортшысы Рафаэль Малет дүбірлі доданың алғашқы алтын медалін иеленді. Моңғолия өкілі Алтанкуяг Нергию күміс жүлдені олжалады. Францияның тағы бір өкілі Гайтан Блот "қолаға" қол жеткізді.

Қазақстан ұлттық құрама мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестікке ілікті.

"Мажар стилінің ерекшелігі – спортшы атпен жылдамырақ шауып, нысанаға көп оқ тигізу керек. Жебе санына шектеу жоқ. Қазақстан дирекциясы барлық спортшыны атпен қамтамасыз етті. Тоқсанға жуық атты дайындадық. Көшпенділер ойындарына ұлттық құрама спортшылары үш ай дайындалды. Жыл басынан бері төрт оқу-жаттығу жинын өткіздік. Әр спортшыға жеке тактика әзірледік", – деді Жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу