Дзюдодан Қазақстан командасы Хорватиядағы Гран-при турнирін екі алтынмен аяқтады

519

Қазақстан еншісінде үш медаль бар.

Дзюдодан Қазақстан командасы Хорватиядағы Гран-при турнирін екі алтынмен аяқтады Фото: Olympic.kz

Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирін екі  алтын медальмен аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы жарыс күнінде Ақерке Рамазанова жарыс жолына шықты. +78 келіде сынға түскен Ақерке жұбаныш белдесуінде австриялық Мария Холвартқа есе жіберді. 

Осылайша, Қазақстан еншісінде үш медаль бар. Бірінші орынды Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) еншілесе, Ғалия Тынбаева (48 келі) екінші орынға тұрақтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу