ЕАЭО-ның жаңа стратегиясы ортақ валютаға жол ашады

5613

ЕЭК өкілі ортақ валюта туралы тағы сөз қозғады.

ЕАЭО-ның жаңа стратегиясы ортақ валютаға жол ашады

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясында одақтас елдердің ортақ валютасын енгізуге жол ашатын тетіктер бар, деп хабарлайды Inbusiness.

Еуразиялық экономикалық одақ елдері өзара сауда мен құнды қағаздар айналымында ортақ валютаны пайдалануы мүмкін. Еуразиялық экономикалық кеңестің ақпарат алаңында тікелей эфирге шыққан Сергей Ткачук осындай мәлімет айтты. ЕЭК алқасындағы Интеграция және макроэкономика министрінің көмекшісі ортақ валюта енгізу қазір мүмкін еместей көрінгенімен, стратегиялық құжаттардың бәрінде соған әкелетін тетіктер салынғанын ескертті.

"Бұл сұраққа жауапты аяқ жағынан бастайын. Иә... Бәріміз жақсы білеміз ортақ валюта енгізу мәселесі талай рет бұқаралық кеңістікте талқыланды. Бірақ талқылаулардың бастапқы ауаны әзірге ортақ валюта туралы мәселе көтеруге ертелеу екенін көрсеткен болатын. Сіздің сұрағыңызға жауап бере отырып мынаны айтуым керек. Қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін біздің жүйелерді үйлестіру көзделгені сөзсіз. Сондай-ақ, біз 2019 жылдың 1 қарашасында Жоғары Еуразиялық кеңес қабылдаған "Еуразиялық одақтың ортақ қаржылық нарығын құру тұжырымдасы" дейтін базалық құжатты басшылықа аламыз. Осы құжатқа сәйкес, 2025 жылға дейін  банк және сақтандыру саласындағы заңды тұлғаларды құрып, лицензиялаудың стандартталған механизмін іске асыру арқылы лицензиялардың өзара мойындаудың келісілген тетіктері белгіленген. Бұл тұжырым барлық саланы қамтитын сипатқа ие. Бірыңғай нарықта ортақ инфрақұрылымды дамыту, ортақ биржалық кеңістік қалыптастыру, ортақ қаржылық нарықтың инвесторлары мен тұтынушыларының құқықтарын және мүдделерін қорғау, кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, ортақ төлем кеңістігін дамыту сияқты маңызды мәселелер қарастырылған", - деген ЕЭК өкілі 2025 жылға дейінгі стратегия 2019 жылғы тұжырымдаманың жалғасы екенін айтты.

"Біздің 2025 жылға дейінгі стратегиямыз 2019 жылғы тұжырымдаманы айтарлықтай нақтылап толықтырып тұрғанын айтуым керек. Тіпті одақтың қаржылық нарығын бұрынғыдан әлдеқайда шешімтал қарқынмен рәсімдеуге мүмкіндік беретін жаңа мамұндағы шараларды туындатып отыр.  Стратегияда ұлттық органдардың үстінен қарайтын, ортақ қаржылық нарықты реттеуге бағытталған орган туралы халықаралық  келісімшарт дайындап бетіту мәселесі көзделген. Бұл ертең-ақ сондай ұйым құрамыз деген сөз емес. Бірақ стратегияда осы мәселені пысықтау көзделген. Сондықтан біз мұнда өз тәсілдерімізді қалай жақындастыру керектігін қараймыз. Сондай-ақ, стратегияда ұлттық валюталардың өзара есеп айырысу кезінде қолданылу деңгейін талдау мәселесі қарастырылған. Олардың қолданылу аясын кеңейту бойынша ұсыныстар дайындау да көзделген. Мүше елдердің брокерлері мен диллерлерін ұйымдастырылған биржа саудасына кіргізу туралы халықаралық келісішарт дайындалып, бекітіледі. Нақты шаралардың тізбесінен бөлек ұйымдасқан сауда-саттықта құнды қағаздарды айналдырудың ортақ тәсілі туралы да айтылған. Ортақ төлем кеңістігін дамыту ісінде мүше мемлекеттердің мәртебесін нақтылау туралы да жазылған", - деді Сергей Ткачук.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу