Экономист: Үкіметті футболмен салыстырсақ, футболшыларымыз жақсырақ ойнайды

2763

Экономист Расул Рысмамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысы жөнінде ойын айтып берді. Қаржы сарапшысы бұл отырыста ешқандай жаңалық болмағанын сөз қылды.

Экономист: Үкіметті футболмен салыстырсақ, футболшыларымыз жақсырақ ойнайды

Сондай-ақ ол министрлерге берілген сөгіс ешбір мәселені шешпейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы.

Еске сала кетсек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Үкіметтің баға тұрақтандыру жұмысын дұрыс атқара алмай жатқанын мәлім еткен. Жұмысына "орташа" баға берген. Алайда "тырысып жатқанын" да атап өтті. Сарапшылардың кейбірі радикалды шешімдерді күткенімен, Тоқаев министрлерге ұрсып, кейін басынан балаша сипап қоя бергендей әсер қалдырды. Қымбатшылық үшін Сауда министрі Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеевке сөгіс жариялады. Киік мәселесімен шулатып жүрген Брекешов те сөгіс алып қайтты.

Экономист Расул Рысмамбетов Үкіметтің кеңейтілген отырысы әдеттегі сипатта өткенін айтады.

"Сөгіс деген – өлім жазасы емес", – дейді ол.

Президент кейбір министрлерге көңілі толмайтынын, кейбірі міндетін дұрыс атқара алмай жатқанын атап өткен.

"Алайда сарапшылар үшін мұның ешқандай жаңалығы жоқ. Өйткені Үкіметтің қазіргі ғана емес, бұрынғы құрамы да әлсіздеу болған. Егер біздің Үкіметті футболмен салыстырар болса, меніңше, Үкіметті басқарғанға қарағанда футболшылар жақсырақ ойнайтын секілді", – дейді ол.

Сарапшы біріншіден, біздің экономика негізгі фигураға тәуелді екенін айтып өтті. Олар – премьер-министр, квазимемлекеттік сектор және олигархтар. Олигархтар үлкен рөл атқарады.

"Қазіргі уақытта президент олигархтардың рөлін азайтып жатқанын байқаймыз. Квазимемлекеттік сектор да қандай да бір ашық диалогқа келіп тырысып жатыр. Үкімет қана қалды. Меніңше, сөгіс дегенде ешкімнің жұмыстан шықпайтынын ескеру керек. Сарапшылардың көбі отставканы қанша қаласа да. Меніңше, Үкіметтің құрамын едәуір жаңарту керек. Оларға уақыт берілді. Олар Үкімет және мемлекет не үшін керектігін оларға қайта тереңінен ойлауы керек секілді", – деп сөзін жалғастырады экономист.

Расул Рысмамбетов Үкімет мүшелерін футболшылармен салыстыру жағынан қайта оралып, бізде клубтарда футболшылар жаман ойнаса, әдетте, легионерлерді әкелетінін еске алды.

"Ендеше, бұл жерде де легионерлерді тарту керек, бәлкім, білмеймін не істеу керектігін. Олай етсек те ештеңе етпейді. Бұл трагедия емес. Басшы емес, бәлкім, кеңесші ретінде әкелу керек шығар. Өз мемлекетінде белгілі бір жетістікке жеткен адамды әкелу керек шығар, бәлкім. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін жойып жібермесе, сол жаққа тартуға болады. Шынымды айтсам, тәуелсіз директор ретінде жалдайтын адамдарды тартудың қажеті жоқ. Өз елін жарылқай алмағандарды шетелдік деп қояды – меніңше ол дұрыс емес. Алайда Үкімет ойлануы тиіс. Егер ол орнында қалуды қаласа, легионерлерді бәлкім жалдау керек болар!?", – деп түйді сөзін Расул Рысмамбетов.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу