Эксперимент аяқталды: Аймағамбетов 1-сынып оқушысына үш тілде оқу қиын екенін айтты

2816

Қазақтілді мектептерде 1-сынып оқушысын тек қазақ тілінде оқытуды, ал орыстілді мекетептерде қазақ тілі мен орыс тілін оқыту туралы шешім қабылданған.

Эксперимент аяқталды: Аймағамбетов 1-сынып оқушысына үш тілде оқу қиын екенін айтты

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, арнайы зерттеулер мен сараптамалардың қорытындыларына сәйкес 1-сынып оқушысына үштілді бірден меңгеру қиын екені анықталған. Бұл туралы 16 тамызда үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бала алдымен өз тілінде оқып және жаза білуге тиіс", – деді ол. 

Осыған орай, қазақтілді мектептерде 1-сынып оқушысын тек қазақ тілінде оқытуды, ал орыстілді мекетептерде қазақ тілі мен орыс тілін оқыту туралы шешім қабылданған.  

Қазақтілді мектептерде екінші сыныптан бастап орыс тілі енгізіледі, ал ағылшын тілі барлық мектептерде үшінші сыныптан басталады.  

Сонымен бірге "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" пәндері 1-сыныптан бастап енгізілді. 

Музыка пәнінің шеңберінде 6-сынып оқушылары өз қалауымен домбыра аспабында ойнауды үйрене алады және де мектептерде қосымша факультатив есебінен шахматты дамытуға мүмкіндік беріледі. 

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу