Элеваторлар да электронды жүйені қолданбақ

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
12889

Биылғы жылдың 23 шілдесінен  бастап елдегі элеваторларда сақталатын астықтың есебі электронды түрде жүргізеледі.   

Элеваторлар да электронды жүйені қолданбақ

Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы министрлігі өткізген брифингте  дәнді-дақылдарды өндіру мен сұрыптау департаменті директорының орынбасары Ләззат Құпанова мәлім етті. Министрлік өкілінің сөзінше, өткен сәуір айындағы заң актлеріне өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес электронды жүйе шаруалардың шығынын азайтып, нарықта ашықтықты қамтамасыз етеді.Бақылаушы органдардың заң бұзуына мүмкіндік бермей, сауда-саттықта да болашақта осы жүйе қолданылмақ.  
"Фермерлерге қанша астық тапсырғандығын растайтын элеваторлардан берілген электронды қолхат "құнды қағаз" сияқты болады. Бұл қолхатты шаруалар банктерден несие алуда кепілдік ретінде пайданала алады. Бұған дейінгі 2002- 2015 жылдардағы деректер бойынша астығын кепілге қойған фермерлерді банктер 1,5 трлн. теңгеге дейін несиелендірген",- дейді Құпанова ханым.
Шаруалар тапсырған астығы туралы базадағы ақпаратты біліп қана қоймай, ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер өңірлердегі элеваторлардағы астықтың есебі мен нарықтағы сауда-саттықты да анықтайды.
"Ақпаратты-есептеу орталығы" АҚ басқарма төреағасы Жанасыл Оспановтың айтуынша жаңа жүйеге лицензиясы бар астық қабылдау пунктері ғана қатысады.
"Қазіргі күні елдегі арнайы лицензия берілген 208 элеваторларда  14 млн. астық сақталуда. Жалпы Қазақстандағы 27 млн. тонна дәнді-дақылға қоймалар қажет. Жыл сайын орташа есеппен 18 млн. тонна астық қана элеваторларға өткізіледі. Астық қоймаларына электронды жүйе енгізу механизмі банктерді саланы қаржыландыруға ынталандырады. Яғни, бүгінде ел азаматтары жылжымайтын мүлікке артық қаражаттарын салуда. Элеваторлардың шаруаларға берген электронды қолхатын "құнды қағаздар" ретінде сатып алған қазақстандықтар көктемде дәнді-дақылдар қымбаттайтындықтан табыс табуына болады",- дейді ол.
 "Электронды қолхат мұнан бұрынғы шығынды екі есеге қысқартады.Оның алдында мұндай қағаз үшін Ұлттық банктің банкноттар шығаратын фабрикасына тапсырыс берілетін. Онымен қоса элеваторлар  қаржылық мәліметті таралымы аз аудандық басылымдарда жариялайтын.  
Жылдық есеп-қисап пен қаржылық депозитарилермен бірге "госреестр.кз" порталына электронды қолхатты да орналастыратын боламыз. Жоба ауыл шаруашылығы министрлігіне де енгізіледі.
 Біздің белгілеген рентабельді деңгейді ескеріп, төлем қабілеті төмен астық қоймаларымен жұмыс жасай алмаймыз. Ақпаратты жүйеге қол жеткізуге элеваторлар қожайындарына жылына 76 мың теңге төлесе жеткілікті. Порталды пайдаланушы жеке шот ашуға бір реттік айлық есеп мөлшері көрсеткішіндей (2121 теңге) қаржы төлеуге тиіс. Мұнан кейін электронды қолхатты иелену мен өзге де операциялар тегін қызмет көрсетеді",- дейді "Ақпаратты-есептеу орталығы" АҚ басқарма төреағасы Жанасыл Оспанов мырза.

Жанболат Мамышев

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу