Елімізде 40-қа жуық кен орны аукционға шығарылды

434

Электрондық аукцион 19 қыркүйекте e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді.  

Елімізде 40-қа жуық кен орны аукционға шығарылды Фото: metalmininginfo.kz

Бұл жаңалықты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәліметінше, аукционға 39 пайдалы кен орны шығарылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аукционға шығарылғалы жатқан кен орындары арасында алтын, асбест, марганец, темір, қорғасын мен мырыш, никель мен кобальт, көмір мен кварц кеніштері бар.

Аукционға ұсынылған пайдалы кен орындары:

  • Қасқабұлақ, Жила 31, Болдыкөл, Загадка – Абай облысы;
  • Мамонтовск, Ново-Березовск, Березовск, Шанды-Бұлақ, Үлкен Бөкен, Шламонакопитель, Үшбұлақ, Белогорск – ШҚО;
  • Қайыңды, Геофизическ, Июльск, Батамшинск, Шелекті, Шуылдақ, Щербаковск, Шығыс Шандаш, Қызыл Қайың, Көкпетті – Ақтөбе облысы;
  • Аралық, Ақшоқы III – Ұлытау;
  • Тоғай, Біркісі, Челак-Қарасу, Шахан – Қарағанды облысы;
  • Харьковск, Солтүстік Леонид – Қостанай облысы;
  • Бөгенбай, Березовск – Ақмола облысы;
  • 94 кеніші – Атырау облысы;
  • Шығыс Майбұлақ – Жамбыл облысы;
  • Сенім – Жетісу облысы.

Аукционға қойылған кен орындарының тізімі және аукционды өткізу тәртібімен министрліктің сайтында танысуға болады.

Айта кетейік, Қазақстанда 2018 жылдан бері геологиялық барлауға 420 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу