Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

445

Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталына жарияланды, құжат 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады Фото: gov.kz

ҚР Үкіметінің "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мөлшерін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы" қаулысының жобасы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 8,5%-ға индексациялау қарастырылған. Бұл ретте халықтың әлеуметтік төлемдер алатын санатын қорғау ескерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу