Еліміздегі банктердің инвестициялық көрсеткіші үштен бірге жақсарды

Камила Абдиева Камила Абдиева
2054

Қазақстандық банктердің резидент еместер алдындағы несие бойынша өтелмей тұрған қарызының  көлемі 2017 жылы үштен бірге, 40%-ға дейін өскен.

Еліміздегі банктердің инвестициялық көрсеткіші үштен бірге жақсарды

Резидент еместердің қазақстандық банктер алдындағы несиелік берешегі 2018 жылдың басында 1,2 млрд доллар болған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,7%-ға немесе 100 млн долларға төмен. Бұл ретте өтелмей тұрған қарыз үлесі бір жыл ішінде 13%-дан  40%-ға дейін өскен деп жазылған Ұлттық банктің төлем балансының жағдайы мен елдің сыртқы қарызы туралы жылдық есебінде. 

Шын мәнісінде, несиелік берешектің нақты саны үштен бірге, 488 млн долларға дейін өскен. Бұдан бір жыл бұрын мұндай қарыз көлемі 162 млн доллар шамасында болған, деп көрсетілген реттеушінің мәліметінде.

Сондай-ақ қарыздар географиясы да өзгеріске ұшыраған. Ресей резиденттерінің еліміздің банктерімен алыс-берісінің үлесі 5,9 пайыздық көрсеткішке, яғни жалпы шетелдік несие портфелінің 69,1%-ына дейін өскен. Ал Қырғызстанның қарыз алушылары үлесті 0,7 пайыздық көрсеткішті 8,5%-ға дейін өсірген. Сонымен қатар ЕДБ қарыз портфелінде Түркия мен Ұлыбританиядан қарыз алушылардың да үлесі өсіп келеді. Грузия, Сингапур және Люксембургтегі резидент еместерге берілген қарыз үлесі төмендеген.

Былтыр отандық банктердің сыртқы активі өзгеріске ұшырамай, 7,4 млрд доллар қарыз деңгейінде немесе Қазақстанның барлық сыртқы активтерінің 4%-ы шамасында болды. Олардың құрылымында резидент еместерден басқа шетелдік банктердің шотындағы 3,6 млрд доллар немесе банктердің сыртқы активтерінің 49%-ы ақшамен ұсынылған жоғары активтер басым. Шетелдегі ЕДБ активтерінің 10%-ы 2018 жылдың басында 746 млн доллар қолма-қол шетелдік валютаға тиесілі болды.

Сыртқы міндеттемелер бір жылда 600 мл-ға, 8,5 млрд долларға дейін қысқарған. Бұл Қазақстанның сыртқы міндеттемелерінің 4%-на сәйкес. Төмендеу 2017 жылдың IV тоқсанында "Банк ЭкспоКредит" АҚ акционерлерінен резидент еместердің кетуімен байланысты болды.

Банктердің сыртқы міндеттеріндегі ең үлкен үлес несиелер мен қарыздарға, сондай-ақ резидент еместердің қолындағы борыштық құнды қағаздарға  тиесілі. Резидент еместердің қайталама нарықтағы операциялар есебінен банк капиталына қатысуы 2017 жылдың соңында 2,0 млрд доллар деп бағаланды. Сонымен қатар шетелдік еншілес банктердің нарықтық құны мен резидент еместердің портфельдік қатысуымен банктердің нарықтың құнының өскені байқалады", – деп көрсетілген реттеуші есебінде.

2017 жылы банктердің инвестициялық позициясы 596 млн долларға жақсарды, бұл 2018 жылдың басындағы көрсеткіштен 1,1 млрд долларға дейін төмен болды. Бұл ретте Қазақстанның халықаралық инвестициялық позициясы құрылымындағы экономика секторы бойынша банктер "таза несие беруші" позициясын ұстанады. Таза сыртқы қарыз 589 млн долларға төмендеді.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу