Елордада Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылдығы атап өтіліп жатыр

1497

Қазақстан 14 Олимпиада ойындарына қатысып, барлығы 79 медальді қанжығасына байлады.

Елордада Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылдығы атап өтіліп жатыр

Еліміздің Олимпиадалық қозғалысқа қосылғанына биыл 30 жыл. Тарих үшін қысқа уақыт ішінде Қазақстан 14 Олимпиада ойындарына қатысып, барлығы 79 медальді қанжығасына байлады. Осыған орай ҚР Ұлтттық Олимпиадалық комитеті еліміздің спортшыларына мерейтой кешін өткізді.

Салтанатты шарада еліміздің спортшылары мен спорт қайраткерлері марапатталды, деп жазады Inbusiness.kz тілшісі.

Бүгінгі кештің шымылдығы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашылды. 

"Баршаңызды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын! Бұл - елімізде ерекше орын алатын ұйым. Сіздер Олимпиада құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпақты спортқа баулуға және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келесіздер. Соның нәтижесінде өрендеріміз талай байрақты бәсекеде табысты өнер көрсетіп жүр. Олар Олимпиада ойындарында, әлем біріншіліктерінде жәнн Азия чемпионаттарынан ел қоржынына жүздеген жүлде салды. Еліміз қысқы Азия ойындарын, бүкіләлемдік Универсиада, әлем және құрлық Чемпионаттарын жоғары деңгейде өткізіп, жаһан жұртшылығының лайықты бағасын алды. Мемлекет Олимпиада қозғалысының әрі қарай да дамуына қолдау білдіреді, халықаралық қозғалыспен ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Көк байрағымыз тек биіктен көрінсін!", — делінген Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде. 

Сонымен қатар мерейтойға орай Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Томас Бах және әлемдік спортта белді басқа да тұлғалар қазақстандық спорт қайраткерлері мен спортшыларына құттықтау жолдады. Томас Бах, әсіресе, Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылда сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

"Қысқа ғана уақыт ішінде сіздер 79 олимпиада медалін қанжығаға байлап, халықаралық спорттық шараларды өткізуде тамаша ұйымдастырушы әрі қонақжай ел ретінде танылып үлгердіңіздер. Сіздердің 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына Олимпиалық өтініштеріңіз барлық Олимпиадалық спорттық қауымдастықта жоғары бағаланды. Сондықтан мен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті және менің досым Тимур Құлыбаевтың тиімді басшылығымен жұмыс істеп отырған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің барлық командасына өз елдеріңіздің  әр түпкірінде спортты ілгерітуде атқарып жатқан істеріңіз үшін алғыс айтқым келеді", — деді Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті.

Тарих бетіне зер салсақ, алғашқы қадамын 90-шы жылы басқан Ұлттық Олимипиадалық комитет 30 жылда Қазақстанда Олимпиадалық қоғамдастықты халықаралық нормаларға сай ұйымдастыра алды. 1993 жылдан бастап ҚР ҰОК халықаралық институт ретнде қалыптасып, Халықаралық Олимпиадалық комитетімен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Бүгінде ҚР ҰОК еліміздің мүддесін Олимпиадалық ойындарда ғана емес, Халықаралық Олимпиадалық комитетінің ұйымдастырумен өтетін аймақтық, құрлықтық және бүкіләлемдік жарыстарда танытуда.

Жоғарыда айтылған барлық жетістіктің басында жаттығулармен шыңдалып, талай белесті бағындырып, көк туымызды желбіреткен спортшылар, чемпиондар тұр. Сондықтан аталмыш шарада Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығына орай еліміздің спортшыларына мерейтойлық марапаттар табысталды. 

ҚР ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев Олимпиада ойындарынан үш мәрте медаль иегері Ольга Рыпаковаға (жеңіл атлектика), бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа, КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Цхайға, ҚР ҰОК Спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатовқа ұйымның ең жоғары марапаты – ҚР ҰОК орденін тақты.

Бокстан Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Серік Сапиев, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, Олимпиада ойындарында бокстан жеңіске жеткен Иван Дычко, Болат Жұмаділов, Василий Левит, дзюдодан Олимпиада ойындарының жеңімпаздары Асхат Житкеев, сондай-ақ Олимпиада ойындарында қола алған Людмила Прокашеваға (коньки спорты), Арман Чильманов (таеквондо), Елена Шалыгина (әйелдер күресі), бокстан танымал жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев, Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан жеңімпаздары Денис Уланов және Жазира Жаппаркүл, еркін күрестен Олимпиада жеңімпазы Ақжүрек Таңатаров, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшақаловқа І және ІІ дәрежелі марапаттар табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу