Энергетика министрлігі Жаңаөзендегі жағдай бойынша брифинг өткізеді (тікелей эфир)

2781

Энергетика министрлігі сұйытылған газдың бағасы туралы жағдайды түсіндіру үшін бүгін сағат 17:00-де баспасөз конференциясын өткізеді. Спикер – Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Энергетика министрлігі Жаңаөзендегі жағдай бойынша брифинг өткізеді (тікелей эфир)

Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. 

"ЖМҚС иелеріне қатысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағалық сөз байласу мәніне тергеуді бастады. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының ЖМҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады",-делінген премьер-министрдің сайтында жарияланған хабарламада. 

Баға тұрақтылығын ұзақ мерзімде қамтамасыз ету және баға дәліздерін белгілеу жолымен газ бағасының алыпсатарлық секірулеріне жол бермеу жөніндегі жүйелі шаралар іске асырылатын болады. 

"Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты болған оқиғаларды құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды", - деп хабарлайды Үкімет

Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда Жаңаөзенде жаппай демонстрация өтті, оған қатысушылар қаланың орталық көшесіндегі жол қозғалысын жауып тастады. Азаматтардың наразылығының себебі 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ бағасының екі есе өсуі болды. 

Жағдайға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жауап берді.

"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық орындылықты ескере отырып, құқықтық салада шұғыл түрде қарауды тапсырды. Демонстранттар қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс", - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу