Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа "Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері" атағы берілді

148

Бұдан бөлек, министр Ербол Хамитовтың жаттықтырушылары – Аслан Тоқбаев, Василий Коломиец және Антон Ждановичті Құрмет грамотасымен марапаттады.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа "Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері" атағы берілді Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пара биатлоннан Миланда өткен қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовпен және жаттықтырушыларымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Кездесу барысында министр отандық спорттың дамуына қосқан елеулі үлесі мен халықаралық ареналардағы жоғары жетістіктері үшін Ербол Хамитовқа "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағын табыстады.

Ербол Хамитов – Қазақстанның пара спорттағы әлемдік деңгейдегі жетекші спортшыларының бірі. Оның басты ерекшелігі – әмбебаптығы.

Ол пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда бірдей жоғары нәтижелер көрсетіп, төзімділік, дәлдік және тактикалық шеберлікті шебер ұштастыра біледі. Сонымен қатар, пара биатлоннан Әлем кубогінің жалпы есебінде жеңіске жетіп, Хрусталь глобусты иеленген Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды.

Сондай-ақ, жуырда Италияның Милан-Кортина қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпиадада Ербол Хамитов ел қоржынына пара биатлоннан алтын, пара шаңғы жарысынан қола медаль салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу