Гендерлік жанжалға тап болған тағы бір Тайвань боксшысы Лин Юй-Тин Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
57 келіге дейінгі салмақта финалдық кездесуде Юй-Тин польшалық Юлия Шереметаны ұтты. Юй-Тин финалға дейін бірде-бір раундта жеңіліс таппады. Ал оның қарсыластары наразылық белгісі ретінде Х белгісін көрсетті.
БАҚ алжирлік боксшы Иман Хелиф пен тайвандық Юй-Тинді трансгендер деп атады. Бұл мәлімдемені Халықаралық Олимпиада комитеті жоққа шығарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу