Ет бағасының күрт өсуіне негіз жоқ – АШМ

354

Сиыр етінің елдегі орташа бағасы келісіне 3,8 мың теңгені құрайды. 

Ет бағасының күрт өсуіне негіз жоқ – АШМ Фото: Fotolia / Christophe Fouquin

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ет бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, еліміз бойынша сиыр етінің орташа бағасы келісі үшін – 3,8 мың теңге.

"Астанада баға 3,8 мың теңгеден 4 мың теңгеге дейін және одан да жоғары. "Шапағатта" сиыр еті – 3,9 мың теңге болса, ал "Артемда" 4,4 мың теңге тұрады. Бұл ретте бағаның күрт қымбаттауына ешқандай негіз көріп тұрған жоқпыз. Ішкі нарық отандық өнім есебінен толық қамтамасыз етілген", – деді Назгүл Хатепова.

Вице-министр былтыр Қазақстанда 434 мың тонна сиыр еті өндірілгенін атап өтті. Биыл да өндіріс көлемінің өсімі байқалып отыр.

Айта кету керек, бұған дейін елімізде картоп қоры жеткілікті екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу