"Еуразиялық одақ жанармай бағасын сөзсіз қымбаттатады"

3501

Он айда 3,89 млн тонна бензин (былтырғыдан 6,1%-ға артық) және 4,2 млн тонна дизель отыны былтырғыдан 7%-ға артық) өндірілді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі ranking сайтына сілтеп. 

"Еуразиялық одақ жанармай бағасын сөзсіз қымбаттатады"

"Бензин өндірісі іс жүзінде төмендеген жоқ"

Бізде бензин мен дизелдің негізгі көлемін үш МӨЗ өндіреді:
* Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ);
* Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ);
* Шымкент мұнай өңдеу зауыты "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" (ПКОП).
Барлық үш мұнай өңдеу зауыты өткен ғасырда салынған. 2018 жылға қарай бұл зауыттарды ауқымды жаңғырту жүргізілді. МӨЗ-дерде Axens, UOP, Haldor Topsoe әлемдік лицензиарларының технологияларын қолдана отырып, жоғары технологиялық кешендер жұмыс істейді.

МӨЗ жаңғыртылғаннан кейін АИ-92-К4/К5, АИ-95-К4/К5, АИ-98-К4 маркалы автомобиль бензині, реактивті авиаотын, экологиялық таза дизель отыны, түйіршіктелген техникалық күкірт, параксилол, бензол, вакуумдық газойль, сұйытылған көмірсутек газы, отындық мазут, мұнай коксы, мұнай жол битумы және мұнай өнімдерінің басқа да түрлері өндіріледі. АМӨЗ сондай-ақ Altay-45 қысқы дизель отынын шығарады.

Нәтижесінде, 2020 жылдың он екі айында пандемияға және тұтастай алғанда көмірсутектерді, атап айтқанда бүкіл әлемде ЖЖМ тұтынудың күрт төмендеуіне қарамастан, ҚР-да бензин өндірісі іс жүзінде қысқарған жоқ, ол 4,5 млн тонна болды (2019 жылмен салыстырғанда небары 1%-ға аз).

МӨЗ-дерде жаһандық жаңғырту жүргізілмеген 2017 жылға қарағанда 2020 жылы өндіріс бір жарым есеге жуық өсті.
Былтыр газойль өндірісі 4,7 млн тонна болды – "дағдарысқа дейінгі" 2019 жылдан 7,1%-ға аз, бірақ домодернизация кезеңіне қарасақ 6%-ға қосылған.

Тапшылық қолдан жасалады

Егер биылғы бензин өндірісін 2017 жылдың сәйкес кезеңімен (қаңтар-қазан) салыстырсақ, 52,7%-ға өсім бар. Дизель отыны бойынша көрсеткіш домодернизация деректерінен 13,5%-ға артық.

Жанар-жағармай нарығында бір парадоксалды жағдай қалыптасып отыр: 
- Бірінші, МӨЗ-дерді жаңғырту кезінде отынға деген ішкі қажеттіліктер ескеріліп, жоспарға енгізілген, және дәл қазіргі қажеттіліктер жабылады;
- Екінші, жылда, әсіресе "жеміс-көкөніс кезеңінде", елдегі арзан отын транзиттік көліктерге кетеді. Нәтижесінде нарықта жасанды тапшылық пайда болады. Өйткені транзит көлік келетін елдерде баға қымбат. Нәтижесінде бағаны өсіреді. 

Түсіндіре кетсек. Бензин бағасы бойынша Қазақстан әлемдегі ең "арзан" елдердің ТОП-10 қатарына кіреді. Дизель отынының бағасы бойынша – 167-нің ішінде 21-орында тұр. Барлық шекаралас елдерде және, ең бастысы, ТМД құрамына кіретіндер Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанда отын қымбат.  

GlobalPetrolPrices-тің биылғы 22 қарашадағы деректері бойынша, Ресейде бензин бізден орта есеппен 47,9%-ға, Қырғызстанда - 63,9%-ға, Өзбекстанда екі еседен артық қымбат. Ал Қытайда үш есе қымбат.

Дизель отынына келетін болсақ, Қырғызстанда орта есеппен 15,7%-ға, Ресейде – 20,8%-ға, Өзбекстанда бір жарым еседен астам қымбат. Қытайда екі есе қымбат.

Мысалы, жазда және күзде Өзбекстаннан РФ-ға және кері қарай жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдайтын орасан зор трафик жүріп жатыр. Бұл транзиттік көлікті қоя тұрғанда, көрші елдердің шекаралас өңірлерінен Қазақстанға жанармай құю үшін кіріп-шығу бұрыннан қалыптасқан нормаға айналды. Тек ЕАЭО құрылғалы пайда болған нәрсе емес. 

Мысалы, Ресеймен көршілес БҚО әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиев транзиттік ауыр жүк көліктері аймаққа бөлінетін дизель отынының 70%-дан астамын алып кететінін хабарлаған. Ресейдің еуропалық бөлігінен шығысқа қарай бет алған жүк көліктері Қазақстанға келіп, қазақстандық жанармаймен бірге ақысыз жолдарды пайдаланады.

Контрабанда, қосымша резервуар орнатқандар және жүргізушілер қолданатын басқа да айла-амалдарды айтпағанда осылай болып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, осы қарашада ҚР-да бензин мен дизель отынын автокөлікпен әкетуге кезекті алты айлық тыйым салынды (бұрын мұндай тыйым сәуір айында енгізілген болатын). Бұйрықтың тұжырымдамасында: "автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауыт көздеген бензин бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген сыйымдылықтарда әкетуді қоспағанда, майлау майларын қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген.

"Ішкі өндірісті ұлғайтудан пайда жоқ"

Энергетика министрлігінің есептеулері бойынша, мамырдан қыркүйекке дейінгі дизель отынына сұраныс 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 480 мың тонна ғана асты. Бұл – үш МӨЗ өндірісінің айлық көлемі. Іс жүзінде сұраныс айына 50-60 мың тонна ұлғайды және ҚР-да тұтынудың неғұрлым елеулі секірісі дәл шекара маңындағы облыстарда тіркеледі деп күтілуде.

Жанармай тіпті әуе арқылы да шығарылады – транзит ұшақтар арқылы. Энергетика министрлігі отандық МӨЗ өндірісінің көлемі жолаушылар тасымалын орындайтын авиакомпаниялардың қажеттіліктерін толығымен жабатынына қарамастан, авиаотын "жетпейді". 

Бұл жағдайда тапшылық және бағаның өсуі табиғи заңдылық тәрізді. 

Былтырғы локдаунда сырттан келуі аз болды. Сонда ішкі тұтыну көлемі толық жабылып тұрды, отын бағасы да төмендеген. 2020 жылғы қазанындағы мәлімет бойынша, жазғы дизель отыны 2019 жылдың қазанына қарағанда 1,5%-ға арзан болған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР-да 2016 жылдан бастап бензин мен дизель отынының бағасын мемлекет бақыламайды, нарықпен реттеледі. Мұндай жағдайларда жасанды тапшылық сөзсіз бағаның өсуіне алып келеді. Оның үстіне ішкі өндірісті ұлғайта отырып, бұл тапшылықты жабуға тырысудың пайдасы жоқ. Әңгіме Қазақстандықтардың қажеттіліктері туралы болып отырған жоқ. Ал ҚР-дан әкету кез келген жағдайда, бағаның айырмашылығына байланысты болатын болады.

Тағы бір белгілі нәрсе бар. ҚР-да МӨЗ соңғы тұтынушы үшін ЖЖМ баға белгілеуге қатыспайды. Қазақстандық зауыттар алыс-беріс схемасы бойынша жұмыс істейді. Бұл не деген сөз? Мұнай жеткізуші (беруші) – ресурсты ұстаушы – МӨЗ шикізатын бензин, дизель отыны немесе өзге де өнім болсын, осы шикізаттан мұнай өнімдерін дайындау үшін береді. Бұл ретте барлық өнім алыс-берістің, зауыттың меншігі болып табылады. Өңдеу нәтижесінде алынған барлық өнімдерді дилерлер дербес сатады және олардың бағасына ресурс ұстаушылар да әсер етеді.

Іс жүзінде ҚР-да қолданылатын ЖЖМ бағасын мемлекеттік реттеудің жалғыз тетігі – мемлекет мұнай өндіруші компанияларды ішкі нарыққа белгілі бір мөлшерде мұнай жеткізуге міндеттейтін сәт (үлес әрбір нақты кен орны үшін ерекшеленеді). Бұл ретте ресурс ұстаушы ішкі нарыққа мұнайды экспорттай алатыннан едәуір төмен бағамен жеткізеді, яғни ресурс ұстаушы үшін тиімсіз. Мәселен, осы көктемде Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр депутаттық сауалға жауабы былай болған. "ЖЖМ төмен бағасы дәлізін жер қойнауын пайдаланушылар қайта өңделетін шикізатқа неғұрлым төмен баға беру арқылы әрдайым субсидиялаған. Бұл ретте мұнайдың экспорттық бағасынан айырмашылық шамамен 50 долларды құрады. Қазір ол 80-130 долларға дейін өсті". МӨЗ-дерге шикізат көбінесе қалдық принцип бойынша тиеледі. Ал шикізат сапасы жақсы емес, демек қымбат тұратын жабдықтың тозуына әкеледі.

Айта кетейік, ҚР-дағы МӨЗ-ді жаңғырту мемлекет есебінен жүргізілген жоқ. МӨЗ қарыз алған. Кәсіпорындар бұл қарыздарды валютамен қайтаруы керек. 

Жаңғырту 2011 жылы басталған болатын. 2011 жылдың қазан айында танымал АИ 95/96 маркалы бензиннің литрі ҚР бойынша орташа есеппен 139,4 тг, жазғы дизель отыны – 92 тг болды. Ал бұл кезде доллар 148 тг болатын.

Жанармай бағасының өсуі доллар бағамының өсуіне сәйкес келуі керек еді. Алайда бұлай болған жоқ. Биылғы қазанда сол маркалы бензиннің литрі орташа есеппен 199,5 тг, дизель отынының литрі – 240,9 тг тұрды. Ал доллар 425,6 теңгеге дейін қымбаттады. Яғни осы (он жылдық) кезеңде бензин бағасы 43%-ға өсті, дизель отыны 2,6 есе өсті, ал доллар бірден үш есе өсті.

Түбі көршілермен теңестіреді

Отын бағасын ұстап тұру үшін мұнай өндіруші компаниялар ішкі нарыққа арзан шикізат жеткізуге міндеттеледі. Бұл ретте МӨЗ пайда салмай, өзін-өзі өтеумен жұмыс істейді, шығыстарды үнемі оңтайландырады, қызметкерлер санын қысқартады және өзге де әдістермен өндірістің өзіндік құнын төмендетеді. Нәтижесінде арзан отын ҚР-дан шекаралас мемлекеттерге көлеңкелі жолмен кетіп жатады.

Бұл жағдай бір ғана әдіспен шешілуі мүмкін – бағаны өсіру. Біріншіден, бұл ресурс ұстаушылардың ішкі нарыққа қызығушылығын оятады. МӨЗ-дің қуатын толық жүктеуге мүмкіндік береді (ЖЖМ-ге сұранысты толық жабуға жеткілікті және жүктелмеген), ал МӨЗ-дің өзі кеңейтуге әрі қарайғы инвестицияларды жоспарлауға мүмкіндік береді. 

Алайда жанар-жағармай бағасының өсуін кез-келген жағдайда, тіпті мемлекет тарапынан арнайы әрекеттерсіз де күту керек. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін Еуразиялық одақ аясында мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығы құрылады, бұл ҚР мен одақтас елдердегі отын бағасын сөзсіз теңестіреді. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта ЕАЭО-ға кіретін Беларусьте бензин 83,6%-ға, ал дизель отыны 48,2%-ға қымбат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу