Еуропада тегін оқу

5382

Мектеп бітірерде көптеген түлектер отандық және шетелдік университеттерді іздеп, өзара салыстыра бастайды. Шет елде оның ішінде Еуропа мемлекеттерінде  тегін оқып, білімін жетілдіріп жатқан қазақ жастары аз емес.

Еуропада тегін оқу

Шет елде оқу жастарға үлкен  мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Осы орайда, Еуропада білім алу бойынша сарапшы Дәурен Зекеновпен сұхбаттасқан болатынбыз.

 – Еуропада оқудың бағасы қанша?

 – Еуропаның барлық мемлекеттерінде оқу тегін деп айтуға болады. Польша, Италия, Словакия, Греция, Германия, Франция және т.б мемлекеттерінде жергілікті тілін білсеңіз, тегін білім алуға мүмкіндік аласыз. Ал, ағылшын тілінде оқу бұл мемлекеттерде әрдайым ақылы. Шамамен жылына 5000 еуроны құрайды. Олардың арасында ең қолжетімдісі – Польша. Ағылшын тілінде оқу - орта есеппен 2500 еуро. Словакия мемлекетінде 2014 жылы барлық шетелдік студенттер үшін тегін жоғары білім алу туралы заң қабылданған болатын. Сондықтан  қазақстандық студенттердің басым бөлігі Словакия мемлекетін таңдайды. Себебі Еуропадағы ең арзан және қолжетімді мемлекет. Мысалы, орташа есеппен студент айына 100-150 мың теңгеге күн көруге болады. Бұл дегеніміз азық-түлік бағасы мен жатақхана бағасы елімізбен салыстырғанда бірдей.

Мысалы,  Словакиядағы бағалар: 

Түскі ас-1.5 Евро

Кафедегі орташа шот-3 евродан

Телефон тарифі -айына 10 евродан бастап

90 күнге жол жүру ақысы-33 Евро

Студенттерге жеңілдіктер:

Пойызбен жүру-тегін

Қалалық көлік-50% жеңілдік

Мұражайлар, театрлар, кино-50% жеңілдік

Сауда орталығында сатып алу-10% жеңілдік 

 – Еуропа мемлекеттеріне қалай грантқа оқуға түсуге болады?

 – Еуропа мемлекеттеріне  тек қалталы немесе дарынды болсаңыз ғана оқуға түсе аласыз деген ұғым бар. Бірақ бұл олай емес. Еуропаға кез келген қазақстандық түлек емтихан баллдары және ҰБТ өтпей-ақ,  грантқа оқуға түсе алады.  Ол үшін құжаттарды дұрыс жинап, дер кезінде университетке өтінім тапсыру керек. Оқуға қабылдауға қажетті құжаттар тізімі жоғарғы оқу орнының парақшаларында толықтай жазылып тұрады. Алайда ақпараттың барлығы интернетте болғанымен, олар ескірген немесе кейбір детальдерге толықтай мән берілмеуі мүмкін. Одан бөлек,  визаға тапсырарда кейбір нюанстар шығып жатады. Сондықтан осы бюрократиялық процесс біздің көптеген студенттеріміздің Еуропаға баруына кедергі келтіреді. Ал,  біздің жұмысымыз – Қазақстанның кез келген студентін грантқа түсіріп, оларды толықтай мамандық пен университет таңдау сәтінен бастап, Еуропа мемлекетінде бейімделген кезіне дейін қызмет көрсету. Яғни, біз өзімізді - Еуропа университеттері мен Қазақстан студенттердің арасындағы көпір деп позициялаймыз. Негізі, бұл кәсіпті мен 2013 жылы Польша мемлекетінде оқып жүргенде бастаған болатынмын. Мен ешқандай компанияға хабарласпай, құжаттарды өздігімнен жинап келдім. Ол кезде не жергелікті тілді, не оқу жүйесі туралы білмейтінмін. Оған қоса, алдымнан көптеген мәселелер шықты. Біраз қиындықтар өз басымнан өткен соң, басқа Қазақстан студенттерге көмектесуді жөн көрдім. Қазіргі таңға дейін жылына жүзден астам студенттерді оқуға түсіріп жатырмыз.

 – Еуропада білім алудың артықшылықтары туралы айтып бересіз бе?

 – Ал, Еуропада оқудың артықшылықтарына тоқталатын болсақ, біріншіден, әлемнің кез келген еліне жарай беретін  Халықаралық диплом. Екіншіден, Шенген аймағында емін-еркін саяхаттау мүмкіндігі. Көп ақша жаратпай, жоғары деңгейде шетелдік тәжірибемен отанға орала аласыз. Сондай-ақ, оқу мерзімі туралы да айта кеткен жөн. Бакалавр біздегідей 4 емес 3 жыл. Магистратура 1 жыл. Еуропалық университеттер әлемдік жетекші компаниялармен ынтымақтасады. Университетті бітіргеннен кейін студент бірден Siemens, Volkswagen, Deloitte, Skoda, Hyundai, Kia және т.б компанияларға жұмысқа тұруға мүмкіндік алады. Таңдаған мемлекетке байланысты стипендиялық бағдарламалар да бар, онда студенттер 100-ден 5000 еуроға дейін стипендия ала алады. Студенттер бір уақытта екі факультетте оқуға және бірден екі мамандық бойынша диплом алуға құқылы. Студенттерге оқу кезінде ресми түрде жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Әрбір студент аптасына 20 сағат заңды жұмыс істей алады. Жұмысқа резюме өткізу барысы  өте оңай және көп уақытты талап етпейді. Одан бөлек, Бүкіл Еуропада Erasmus халықаралық студенттік алмасу бағдарламасы жұмыс істейді. Осы бағдарлама аясында сіз бір жылға немесе семестрге басқа еуропалық елдің жоғары оқу орнында оқып, стипендия ала аласыз. Оқу аяқталғаннан кейін Еуропада заңды түрде қалуға мүмкіндігі бар.

 – Президент өз сөзінде оқу үрдісінде  бұдан былай технологиялық мамандықтарға басымдық беріледі деп айтқан болатын. Қазақстандық студенттер үшін Еуропадағы қандай сапалы білім беретін технологиялық ЖОО ұсынар едіңіз?

 – Иә, біздегідей Еуропа мемлекеттерінде де технологиялық білім сұранысқа ие. Сапалы жоғары оқу орындарына келер болсақ,

Братиславадағы Техникалық университет.  Әлемдегі 550 үздік университеттің қатарына кіреді.

Жилин қаласындағы Жилин университеті. Көлік саласындағы үздік университет болып саналады.

Поляк-Жапон Компьютерлік Технологиялар Университеті. IT және коммуникация бағыты бойынша үздік ЖОО.

Нитра Агротехникалық университеті. Жалпыұлттық агротехникалық университет инженерия және аграрлық өнеркәсіп саласында жоғары және  сапалы білім ұсынады.

Зволен Техникалық университеті. Орман шаруашылығы, ағаш өңдеу, экология, өндіріс технологиясы мамандықтары бойынша бірегей аккредиттелген оқу бағдарламасы қарастырылған.

Кошица Техникалық университеті. Словакияның үздік университеттерінің арасында екінші орында. Техникалық мамандықтардың кең таңдауы бар.

Дина Әділ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу