Еуропарламент АҚШ-пен сауда бойынша келісімді уақытша кейінге қалдырды

162

Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды. 

Еуропарламент АҚШ-пен сауда бойынша келісімді уақытша кейінге қалдырды Фото: sd.by

Еуропарламенттегі сауда мәселелері бойынша жауапты депутаттар трансатлантикалық қатынастардағы шиеленіс жағдайына байланысты АҚШ-пен сауда келісімі бойынша жұмыстарды уақытша тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл туралы Politico жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты "БЕЛТА" агенттігіне сілтеме жасап. 

Депутаттар 17 наурызда кездесіп, сауда комитетінде дауыс беруді белгілеу мәселесін қайта қарауды жоспарлап отыр. Комитет келісімді қолдаған жағдайда, ол Еуропарламенттің толық отырысына 25-26 наурызда соңғы ратификация үшін шығарылатын болады.

Процесті уақытша тоқтату туралы шешім АҚШ президенті Дональд Трамптың Испанияға сауда эмбаргосын енгізу қаупін айтқаннан кейін қабылданды. Америкалық көшбасшы Испанияның Иранға соққы беру үшін өз аумағында орналасқан әскери ұшақтарды қолдануға рұқсат бермеуіне наразы екенін айтқан.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен жазда жасалған келісімде ЕО тарапынан америкалық тауарларға 15%-дық баж салығын қолдану көзделген. Құжатты ратификациялау екі рет кейінге шегерілген. Қаңтарда Гренландия мәселесі салдарынан, ал ақпанда АҚШ әкімшілігінің жаһандық баж мөлшерін 10%-дан 15%-ға көтеретінін жариялағаннан кейін болды.

Айта кету керек, бұған дейін АҚШ тағы бір елде әскери операция бастағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу