АЗЕРТАДЖ-дың жазуынша, бұл әзірге Финляндияның астаналық аймағында ғана қолжетімді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Агенттік Taksi Loiste сервисі тек "туғаннан фин" жүргізушілерімен сапар ұсынатынын жазады. Жүргізушілерден алдымен фин тілін білу, ұқыпты көріну және қара түсті премиум-классты көлік жүргізу талап етілген.
Сервисте қызмет ететін жүргізушінің сөзінше, идея көбіне әйелдер мен қарт адамдардың фин жүргізушімен сапарда өзін қауіпсіз сезіну талап-тілегінен туындаған. 2015-2019 жылдардағы такси реформасынан соң кәсіпке кіру жеңілдеп, тәжірибесіз жүргізушілер саны көбейіп кеткен.
Тағы бір компания – Club Wowo әйелдер мен балаларға арналған әйел жүргізушілер қызметін ұсынуды ойластырған. Екі бастама да жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатымен жасалған, әсіресе таксидегі қудалау мен қылмыс туралы хабарламаларды қатаң ескереді.
Өйткені, көптеген әйел жүргізушіден қауіптеніп, таксиге сирек немесе мүлде мінбей қойғаны туралы деректер бар.
Десе де, жаңашылдықтар заңдық даулар туғызбай қоймайды. Гендерлік теңдік органдары жүргізушінің жынысы немесе шығу тегі бойынша талаптар дискриминация ретінде қарастырылуы мүмкін екенін қазірден-ақ ескертеді. Club Wowo қызметіне қатысты да заңға сәйкестігін тексеру үшін арыз-шағымдар түскен.