Франция АҚШ-тағы алтын қорын толықтай елге әкетті

445

Париж операция нәтижесінде 13 млрд еуро көлемінде бір реттік табыс тапты. 

Франция АҚШ-тағы алтын қорын толықтай елге әкетті Фото: Getty Images

Францияның Орталық банкі АҚШ-та сақталған алтын резервтерін елге толық көшіру процесін аяқтады. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл жалпы көлемі 129 тонна алтынға қатысты болып отыр. Ол Францияның алтын қорының шамамен 5%-ын алады. Бұған дейін бұл алтын қоры Нью-Йоркте сақталған. Франция Орталық банкі 2025 жылдың шілдесінен бастап 2026 жылдың қаңтарына дейін бұл активтерді сатып, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа құйманы сатып алды. Осылайша бағалы металды Парижде орналастырды. 

Reuters хабарлауынша, реттеуші орган ескірген немесе халықаралық нарықта саудаға жарамсыз активтерді біртіндеп алмастырып жатыр. Ішкі аудит АҚШ-та сақталған активтерді жаңарту туралы ұсынысты 2024 жылы жасаған болатын.

Франция Орталық банкінің басшысы Франсуа Виллеруа де Гало жаңа стандарттағы алтын құймаларын Парижде сақтау туралы шешімді олардың Еуропа нарығында айналымда болуымен байланыстырып отыр. Оның сөзінше, бұл қадамның саяси астары жоқ.

Францияның жалпы алтын қоры өзгеріссіз қалды (2 437 тоннаға жуық). Алайда операциялар кезінде банк айтарлықтай табысқа кенелген: 2025 жылы 11 млрд еуро және 2026 жылы қосымша 1,8 млрд еуро.

Реттеуші орган қалған 134 тонна алтынды, оның ішінде ескі құймалар мен монеталарды 2028 жылға дейін толық жаңартуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу