Футболдан Бірінші лигада "Жетісай" көш бастады

475

Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XI турында Түркістан облысының "Жетісайы" көш басына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Футболдан Бірінші лигада "Жетісай" көш бастады Фото: instagram.com/ fc.jetisay

Түркістандық клуб өз алаңында Алматының "Қайрат-2" командасын қабылдады. Бірінші кезеңнің өзінде "Жетісай" қарсылас қақпасына жауапсыз 6 гол соғып үлгерді.

Екінші кезеңде алматылық футболшылар оған 2 голмен жауап қайырды.

Кездесуде түркістандық команда қарсыласын 6:2 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ аталған турдың алғашқы ойын күнінде "Ақтөбе-2" өз алаңында "Ұлытауға" 0:3 есебімен есе жіберсе, "SD Family" "Tүркістанды" 5:0, "Хан тәңірі" "Екібастұзды" 2:1 есебімен жеңді.

Енді 14 маусымда "Ақжайық" пен "Алтай", "Қайсар-2" мен "Тараз", "Оқжетпес" пен "Каспий" кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу