Израиль Газаға шабуылын тоқтатты

330

Газа секторында Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы атысты тоқтату режимі күшіне енді.  

Израиль Газаға шабуылын тоқтатты Фото: ny1.com

Бұл туралы Ynet басылымы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдағы демалыс күндерінен бастап ХАМАС Газа секторының 70 пайызын қайта бақылауына алатынын жарияланды. Ал Израильдің Қорғаныс армиясы аймақтан әскерін кезең-кезеңімен шығарады.

Сондай-ақ, Израиль түрмелерінен 2 мыңнан астам палестиналық тұтқын босатылады. Олардың арасында өмір бойына сотталған 250 адам бар.

ХАМАС өз кезегінде аман қалған израильдік тұтқындарды 72 сағат ішінде босатуы тиіс. Келісім аясында Газа шекарасында гуманитарлық көмекті жеткізу үшін 5 бекет ашылады.

Айта кетейік, Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қою үшін АҚШ Президенті Мысырға баратынын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу