Геосаяси жағдайдың ушығуы инфляцияға тікелей әсер етуде

Бағаның өсуі барлық салада байқалып отыр.

Геосаяси жағдайдың ушығуы инфляцияға тікелей әсер етуде

Инфляцияға қатысты болжамдар тұрақсыз болып отыр. Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов онлайн брифингте осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз геосаяси тәуекелдердің іске асуы, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның сауда-серіктес елдерінде бағалардың өсуі және олардың ішкі бағаларға ауысуы аясында инфляциялық қысымның артқанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайда жылдық инфляцияның өсуі 12%-ға дейін жеделдейді. Бағаның өсуі барлық салада байқалып отыр", – деді спикер. 

Бұл ретте ол бастапқы кезден құбылмалылығы шамалы және тек орта мерзімді кезеңде ғана төмендейтін инфляцияның тұрақты түрде өскені байқалатынын айтты. Мұны 2022 жылғы наурызда базалық инфляцияға берілген әртүрлі бағалаулар айғақтайды. 

"Инфляцияға қатысты болжамдар жоғары және тұрақсыз болып қалып отыр. Биыл наурызда респонденттер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы халық сенімінің төмендеп, инфляциялық күтулердің біршама артқанын көрсетті. Бір жыл алға инфляцияны сандық бағалау 2022 жылғы наурызда 11,4% болды. Инфляциялық күтулердің жоғары болуы инфляцияның жеделдеуге бейімділігін күшейтеді. Осыған байланысты жүргізіліп отырған саясатқа және оның инфляция бойынша мәлімделген мақсатқа жету қабілетіне халықтың сенімін арттыру Ұлттық Банктің басым міндеті болып қала береді. Бұл үшін ақша-кредит саясаты инфляцияны нысаналы бағдар деңгейіне дейін төмендетуге негізделуі керек", – деп түйіндеді Ұлттық Банк төрағасы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу