"Халық" қайырымдылық қоры Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Б. Көшербаев мырзаға, Mediker компаниясына тиімділігі жоғары қазіргі заманауи медициналық препараттарды мен медициналық жабдықтарды іздеуге көмектескені үшін және Атырау облысының еріктілеріне көп балалы және аз қамтылған отбасылар арасында азық-түлік және дәрілік жиынтықты жеткізуге, таратуға көмектескені үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Естеріңізге сала кетейік, "Халық" ҚҚ Қамқорлық кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаеваның шешімі бойынша Атырау облысындағы мұқтаж және көп балалы отбасыларға ең қажетті азық-түлік, тазалық және антисептикалық заттар, Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталған және тіркелген дәрілік препараттардан тұратын 1000 жиынтықты Атырау облысы әкімдігі ұсынған тізім бойынша таратты.
Сондай-ақ, "Халық" қайырымдылық қоры сатурация мониторингі және коронавирус инфекциясын емдеу кезінде қолданылатын 1000 пульсоксиметр, 100 жылжымалы оттегі концентраттары, стационарлық жағдайларда коронавирус инфекциясының ауыр жағдайларын емдеу кезінде әлемдік тәжірибеде қолданылатын "Авифавир" медициналық препаратының 100 қаптамасын жолдады. Қазіргі уақытта жабдықтар мен дәрі-дәрмектер Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасына медициналық мекемелерге тарату үшін жеткізілді.
Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап "Халық" қайырымдылық қоры коронавирус инфекциясы салдарын жою және күресу бағытында үлкен игі іс атқарды. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы - 5,5 млрд теңгені құрады.
"Халық" ҚҚ мемлекет, бизнес, қайырымды жандар мен қазіргі таңда COVID-19-бен арпалысқан бүкіл Қазақстан халқының бірлігі арқасында қауіпті инфекцияны жеңетініне сенеді.
Бұл қиын қыстау кезеңді бірге еңсереміз!
Серік Құдайбергенұлы