Intel компаниясы "компьютерлік көру" технологиясын дамытуда

16451

Intel компаниясы RealSense platform компьютерімен жанаспай өзара әрекет ету жөніндегі платформасы үшін Movidius-тан компьютерлік көруді әзірлейтін стартап сатып алды. 

Intel компаниясы "компьютерлік көру" технологиясын дамытуда

RealSense – адамның бет-әлпетін, эмоциясын, дауысын, қимылын тануға мүмкіндік беретін, қолдың, сусақтың қимылын қадағалап, 3D-мен басып шығару үшін объектіні түсіріп алатын аппаратты-бағдарламалық кешен.

Techcrunch басылымына сілтеме жасаған РБК, Intel компаниясы сатып алған Movidius-тың чиптерін RealSense аппаратты-бағдарламалық кешенде қолданатын болады, деп жазады.

Movidius чиптері бұдан бұрын ұшқышсыз ұшатын аппараттарды және жылу камераларын шығаруда қолданылды. Жалпы, Movidius копьютерлік көруге арналған чиптердің энергияны аз тұтынатын  арнайы процессорларын жасаумен айналысады. Оның Силикон алқабында, Ирландия мен Румынияда орын тепкен кеңселерінде шамамен 180-дей адам еңбек етеді.

Компанияға Bridge Capital, Capital-E, DFJ және  Emertec Gestion секілді инвесторлардан кезең-кезеңмен 86,5 млн доллардай инвестиция тартылған.  "Біз жасанды интеллект саласында үлкен жаңалық ашқалы тұрмыз", – деп мәлімдеді Movidius компаниясының басшысы Рами Эль-Уаззан.

"Таяу жылдарда автономды мәшинелердің қолдану мүмкіндігі кеңейтілген жаңа түрін көретін боламыз, құрылғыларымызды тек көруге ғана емес, сонымен қатар ойлауға да үйретіп, жасанды интеллекте саласындағы күрделі  мәселелердің бірінде нәтижеге қол жеткізудеміз", – деп түсіндірді.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу