Қазақстандағы ипотекалық несиенің жалпы қоржыны 2016 жылдың сәуір айындағы ахуалы бойынша 870,5 артқан, оның 745,1 млрд. теңгесі ұлттық валютада, ал 125,4 млрд. теңгеден астамы шетелдік валютада. Шетелдік валютамен берілетін ипотекалық несие қаңтардан бері 5%-ға қысқарған. Осы жылдың қаңтар – ақпан айларында барлығы 36,3 млрд. теңге ипотекалық несие ұлттық валютада берілген, ипотекалық несиені берудің бірде-бірі шетелдік валютада болмаған.
Республика бойынша ипотекалық несиенің басым бөлігі Алматы қаласында, 281,95 млрд. теңге, оның үштен бір бөлігі (93,8 млрд. теңгеден жоғары) шетелдік валютада берілген. Астанада ипотекалық несие қоржыны 175,5 млрд. теңгеге жеткен, оның аздаған бөлігі, 8,5 млрд .теңге, шетелдік валютада жасалған.
Өңірлер арасында банк алдында ипотекалық берешек бойынша үштіктер көшбасшысын Шығыс Қазақстан облысы (55,4 млрд. теңге), Қарағанды облысы (50,2 млрд. теңге) және Ақтөбе облысы (43,8 млрд. теңге) құрап тұр. Ипотека бойынша халықтың берешегінің ең төменгі көрсеткіші Қызылорда, Алматы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 13,6 млрд. теңгеден 16,9 млрд. теңгеге дейін.
Халықтың ұлттық валютада ипотекалық несие алуы көлемі бойынша Астана мен Алматыдан кейін 5,9 млрд. теңгемен үшінші орында тұрғаны - Оңтүстік Қазақстан облысы. ОҚО-ның ипотека бойынша жалпы берешегі- 33 млрд. теңге.
Ипотекалық нарық динамикасы
Екінші деңгейлі банктер арасындағы ипотекалық нарық жағдайына тоқталатын болсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша ипотекалық несиенің жиынтық қоржынын бес ЕДБ құрап отыр. Бір жыл бұрын "бестіктер" үлесі жалпы қоржынның 86,2% -ын құраған болатын. Мұндай мәліметтер 2015 жылға ЕДБ есебі негізінде ипотекалық нарық шолуын дайындаған ranking.kz сайтымен келтірілген.
"Ірі қатысушылар позициясының күшеюі сол ипотекалық нарықтың тоқырауы барысында болды, 2014 жылдың екінші жартысынан бастап тұрғын үй сатып алуды несиелеудің өсуі мен көлемі тоқтатылды, 2016 жылдың I тоқсанында соңғы бес жыл ішіндегі азаюына дейін төмендеді",- деп шолуда белгіленген.
Ипотекалық нарықтың ағымдағы деңгейі көлемін ұстап тұруға көмектесіп отырған екі қатысушы бар. Олар "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" және "Қазақстанның Халық банкі" бірлесе отырып 2015 жылға ипотекалық несие қоржынын 134,5 млрд теңгеге өсірді. ҚТҚЖБ тарапынан қолдау 2009 жылдан үздіксіз болып отыр, орта есеппен банктің несиелік қоржыны жылына 33%-ды құрайды.
Қазіргі таңда ипотека нарығының 33%-ы ҚТҚЖБ-мен бақыланады, бір жыл бұрын оның ипотекалық несиелер жиынтығы қоржынындағы үлесі 28%-ды құраған.
2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ипотека нарығына қатысушылардың ірі үштігін ҚТҚЖБ (31%), "Қазақстанның Халық банкі" (22%), "ЦентрКредит Банкі" (19%) құраған. Бір жыл бұрын Халық банкінің позициясында 175 млрд теңге ипотекалық несие көлемімен "Казкоммерцбанк" тұрған болатын, алайда 2015 жылы оның көлемі 14%-ға қысқарып, банк үштіктер тобынан шығып қалды.
ҚТҚЖБ ипотекалық несиенің көп бөлігін құрап қана қоймайды, сонымен қатар, бір жыл ішінде тұрғын үй несиесі қоржынының 76 млрд теңгеге өсуін көрсетті.
Халық банксінің ипотекалық несие қоржыны бір жыл ішінде ҚТҚЖБ- мен салыстырғанда 58,5 млрд теңгеге, яғни 42%-ға өскен.
"Центр Кредит Банктің" ипотекалық несиелер көлемі бір жыл ішінде шамалы ғана өскен. Ол 2015 жылға небәрі 2,7 млрд теңгені, яғни 2014 жылғы деңгейінен 1,7%-ды құраған.
Дина Ермағанбетова