Бұл сөйлесуді ол соғыс әрекеттерін тоқтату талабы ретінде сипаттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Трамптың жазуынша, Иран АҚШ-тан атысты тоқтатуды сұраған. Десе де, Иран тарапы мұндай өтініш болғанын ресми түрде жоққа шығарды. Тегеранның өзге де дереккөздері мен Иран сыртқы істер министрлігі Трамптың мәлімдемесін "жалған" және "белгісіз" деп атаған.
Трамп АҚШ Иранның атысты тоқтатуды қарастыру үшін тек бір шартты негізге алып отыр. Ол үшін Ормуз бұғазы кемелер үшін қауіпсіз, ашық және еркін жүру жағдайына айналуы керек.
Бүгінде бұғаздың жабық болуы – қазіргі соғыстың басты экономикалық және қауіпсіздік мәселесі.
Бұл шарттар орындалмайынша, Трамп әскери операция жалғасатынын мәлімдеді. Яғни, АҚШ Иранға соққы беруді тоқтатпауы мүмкін.
Бұған дейін Иранның АҚШ пен оның одақтастарына қанша соққы жасағаны белгілі болды.
Сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қарсы құрлықтағы құпия шабуылға дайындалып жатқаны хабарланды.