Иран Израильмен атысты тоқтату туралы шешімге келді

Осыған дейін Дональд Трамп қос ел атысты тоқтатуға келіскенін жариялаған еді.  

Иран Израильмен атысты тоқтату туралы шешімге келді Фото: bloknot.ru

Енді Press TV Иран тарапынан атысты тоқтату режимі күшіне енгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Атысты тоқтату Иранның Израиль басып алған аумақтарға төрт рет шабуыл жасауынан кейін басталды, – делінген Press TV таратқан мәлімдемеде.

Келісімге АҚШ пен Қатардың бірлескен делдалдығының нәтижесі себеп болған.

Айта кетейік, 13 маусымға қараған түні Израильдің әскери-әуе күштері Иранға соққы жасаған болатын. Бұған жауап ретінде Иран Израиль бағытына 100-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын жіберді. Сол арқылы кейін Иран Израильдің аспанын толық бақылауға алғанын хабарласа, АҚШ ақыры Иранның ядролық нысандарына шабуылдауға мәжбүр болды. Десе де, Иран бұған да қарап қалмады. Олар АҚШ-тың Сириядағы әскери базасына шабуыл жасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу