Бұған дейін Испания құрамасы Кабо-Вердемен тең тарқасып, сенсация тіркеген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
G тобындағы қос құрама алғашқы ойынды жеңіспен бастап, жанкүйерлерін қуантуға асықты. Әуелі Жаңа Зеландия есепте алға шықты. Элайджа Джаст небәрі 7-минутта гол соқса, оған 32-минутта ирандық Рамин Резаэян жауап қатты.
Екінші таймның 54-минутында Элайджа Джаст дубль авторы атанып, Жаңа Зеландияны тағы да алға шығарды. Десе де, 64-минутта ирандық футболшы Мохаммад Мохеби есепті теңестіріп кетті. Осылайша, құрамалар арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Бұған дейін дүниежүзілік доп додасында Бельгия Мысырмен тең түскен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу