Иран Трамппен келісімге келіп, ядролық қарудан бас тартуға дайын

502

Тегеран жоғары байытылған уран өндірісінен бас тартуға дайын екенін білдірді. 

Иран Трамппен келісімге келіп, ядролық қарудан бас тартуға дайын Фото: tgrthaber.com

Тегеран Вашингтонмен ядролық бағдарлама бойынша келісімге қол қоюға дайын. Оның орнына АҚШ Иранға салған экономикалық санкцияларын алып тастауы тиіс. Бұл туралы Иранның жоғарғы жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің саяси және әскери кеңесшісі Әли Шамхани NBC News-ке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Әли Шамханидің сөзінше, АҚШ тарапынан барлық экономикалық санкциялар дереу жойылуы қажет. Оның орнына Тегеран ядролық қару шығармауға және қару өндірісінде қолданылатын жоғары байытылған уран қорынан бас тартуға келісіп отыр. Десек те, Иран уранды төмен деңгейде байытуды жалғастырып, бұл процесті халықаралық инспекторлардың бақылауына ұсынуға дайын. Енді Иранның жоғарғы жетекшісі бұл мәселеге қатысты нақты тоқтамын айтуы тиіс.

"Бұл әбден мүмкін. Егер америкалықтар өздерінің айтқанындай әрекет ететін болса, онда біздің қарым-қатынасымыз жақсаруы мүмкін", - деді Әли Шамхани.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның гүлденуін құптайтынын, алайда оның ядролық қару өндіруіне жол бермейтінін ашық айтқан болатын.

"Олар ядролық держава болмайды. Осы пікірімді түсіндіре кетейін. Мен Иранды толық қолдаймын. Олардың керемет елге айналғанын қалаймын", - деді Ақ үй басшысы Fox News-ке берген сұхбатында.

АҚШ пен Иранның яролық бағдарлама бойынша келіссөздері бірнеше аптаға жалғасып отыр. 

Айта кету керек, бұған дейін Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу