Иранда наразылық кезінде 5 мың адам қаза тапты

155

Құқық қорғаушылар басқа деректерді ұсынып отыр. 

Иранда наразылық кезінде 5 мың адам қаза тапты Фото: reuters

Иранда наразылықтар кезінде 5 мың адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне үкімет өкілі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Көз жұмғандардың арасында 500-ге жуық қауіпсіздік қызметкері бар. Үкімет өкілінің хабарлауынша, ел билігі наразылыққа шыққандардың өліміне лаңкестер мен қарулы көтерілісшілер жауапты деп отыр.

Ирандағы жаппай наразылықтар өткен жылдың желтоқсан айының соңында басталды. Қарулы қақтығыстардың дені солтүстік-батыстағы күрд аймақтарында тіркелген. Иран басшылығы елдегі тәртіпсіздіктерге сыртқы қарсыластарды жиі айыптайды.

Десек те, адам құқықтарын қорғау ұйымдарының деректері басқа. АҚШ-та орналасқан HRANA ұйымы 3308 адам қаза болғанын, тағы 4382 адамның өлімі тексеріліп жатқанын хабарлады. HRANA дерегінше, 24 мыңнан астам адам тұтқындалған. Ал Норвегиядағы Hengaw күрд-ирандық адам құқықтарын қорғау тобы қарулы қақтығыстар Иранның күрд аймақтарында шиеленіскенін мәлімдеген. 

Айта кету керек, бұған дейін Иран Лондонда туы алынып тасталғандықтан, Ұлыбритания елшісін шақырғанын жазғанбыз. БҰҰ Бас хатшысы Ирандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу