Ол операция әрі қарай жалғасатынын айтып, қалған кемелер де жойылатынын мәлімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Маған Иранның тоғыз әскери кемесін жойып, суға батырғанымыз туралы хабарланды, олардың кейбіреулері салыстырмалы түрде маңызды болған, – деп жазды ол.
Трамптың сөзінше, америкалық әскери күштер Иран Әскери-теңіз күштерінің штаб-пәтеріне де елеулі зиян келтіріп отыр.
Осыған дейін АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жасап, Тегеранның ядролық және зымыран бағдарламаларын әлсіретуді мақсат еткенін мәлім етті.
Сарапшылар бұл оқиғаларды "Таяу Шығыстағы әскери-саяси шиеленістің жаңа кезеңіне өткені" деп бағалаған болатын. Шынында, бұл АҚШ пен Иран арасындағы ашық әскери шиеленістің күшейгенін білдіретін оқиғаға айналды.
Бұған дейін "Иран елінде енді не болып жатқаны анықталды" деген тақырыпта сараптамалық мақала жариялаған едік.