НАТО бас хатшысы Марк Рютте Израиль әуе күштерінің Иранға жасаған соққысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Тілшілер "Израильдің Иранға жасаған соққысынан кейін әлемге ядролық соғыс қаупі жақындай түсті ме?" деп сұрады.
"Жоқ, жоқ, біз ондай жағдайда емеспіз. НАТО-ның барлық елі жағдайды ушықтырмау үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл – Израиль тарапынан жасалған біржақты акция. НАТО-ның одақтастары, әсіресе АҚШ деэскалациялау бағытында күш салуы тиіс. Олардың қазірдің өзінде осы бағытта әрекет етіп жатқанын білемін", – деді Рютте Стокгольмде өткен баспасөз конференциясында.
Десек те, НАТО бас хатшысы Таяу Шығыстағы ахуал өте жылдам өзгеріп жатқанын мойындап отыр. Сөзінше, алдағы уақытта не болатынын болжау қиын.
Айта кету керек, бұған дейін Израиль Иранға соққы жасап, әуе кеңістігін жауып тастағанын жазған болатынбыз. Иран Израиль бағытына 100-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын жөнелтті.