"K-pop, K-drama", "Корея мысалы" – Қазақстанда креативті индустрияға ден қойылады

1396

Бүгінде халықтың табысын арттырудың жаңа әрі әлеуетті бағытының бірі – креативті индустрия саласы. Сондықтан креативті индустрияны дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Бұл туралы 26 мамырда Сенат отырысында үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

"K-pop, K-drama", "Корея мысалы" – Қазақстанда креативті индустрияға ден қойылады

Ол "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын" іске асыру жөнінде баяндама жасады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгінде әлемдегі креативті индустрияның қаржы айналымы 2,3 трлн долларды құрайды. Осы салада 12 жыл бұрын арнайы бағдарлама қабылдаған Оңтүстік Корея 2020 жылы әлемдік медиа-ойын сауық нарығында жетінші орынға шықты. Бүгінде бұл елдің креативті экспорт көлемі 12 млрд доллардан асты", – деді Тоғжанов.

Оның айтуына қарағанда, елімізде 3 мыңға жуық мәдениет ұйымдары бар. Олардың құрал, жабдықтарын қолдана отырып жаңа креативті өнім шығаруға ниеті азаматтарға қол жетімділікті қамтамасыз ету көзделді. 

"Қазір мәдениет ұйымдарының мүлкін пайда табу мақсатында тиімді пайдалану механизмдерін реттейтін заң жобасы әзірленуде. Түскен табыс сол ұйымдарды материалдық техникалық жабдықтауға және қызметкерлердің жалақысын арттыруға жұмсауды қамтамасыз ету. Бұл мәдениет ұйымдарын экономикалық айналымға енгізудің  мүмкіндігі", – деді Тоғжанов.

Сонымен қатар авторлық құқықты қорғау механизмдеріне қатысты бірқатар мәселелер де бар. 

"Креативтік индустрия жобалары" бағытына Алмас Жәли жауапты болады.

Үкімет басшысының орынбасары дәрігер, педогог, бюджет қызметкерлері және жұмысшылардың – жалпы 1,1 млннан астам адамның жалақысы өсетінін айтты.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу