Алматылық "Қайрат" футбол клубының жеңісіне қуанған жанкүйердің ерекше реакциясы желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Желіде футбол матчын үйінде тамашалаған жанкүйердің ерекше реакциясы тарады.
Видеода ер адам пенальти сериясын қарап отырып, гол соғылған кезде қатты қуанғанымен, ұйықтап жатқан балаларын оятпас үшін өз эмоциясын іште сақтап, тек орнынан атып тұрып, қолын сермеген. Оның жұбайы Threads әлеуметтік желісінде осы сәтті жариялады.
"Күйеуім үнсіз айқайлауды үйреніп алды. "Қайрат" – чемпион!", – деп жазды жанкүйердің әйелі.
Бейнежазба желіде тез таралып, көптің сүйіспеншілігіне бөленді.
Отандық футбол клубы Чемпиондар лигасына шыққаны үшін шамамен 12,4 млрд теңге табыс тапты. Қақпашы Темірлан Анарбеков қазақ футболының жаңа қаһарманына айналды.