"Қайсар" биыл 100 пайыз легионерсіз ойнауға бекініп отыр

Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеген. 

"Қайсар" биыл 100 пайыз легионерсіз ойнауға бекініп отыр Фото: baigenews

Осылайша, алдағы маусымда "қасқырлар" тек қазақстандық ойыншыларға сенім артпақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл мәліметті клубтың баспасөз қызметі растап отыр. Бұған дейін "Қайсар" футбол клубына жаңа директор тағайындалғанын да жазған болатынбыз.

– Әлбетте, өзге клубтармен бәсекеге түсу алғашқыда қиын болатын шығар, алайда кейіннен түзеліп кетеміз, – деген пікірде Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев.

Еске салайық, осыған дейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та клубқа легионерлер шақыру үшін ақша бөлінбейтінін, жергілікті ойыншыларды дайындауды бірінші орынға қоятынын айтқан-ды. 

Қызылордалық ұжым өткен маусымда ел біріншілігінде 8-орынға тұрақтады. Биылдан бастап шетелдік спортшылар бюджет қаражатынан қаржыландырылмайтынын ескерсек, командасына легионер қосқысы келетін кез келген ұжым демеушілер тартуы тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу