Қайталама нарықта жеке тұлғалар белсенді болды – Алина Алдамберген

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
14079

KASE бірінші жартыжылдықтың қорытындысын жариялады. 

Қайталама нарықта жеке тұлғалар белсенді болды – Алина Алдамберген Фото: Максим Морозов

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың жиынтық көлемі 61 499,7 млрд теңгені құрады.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3% немесе 803,6 млрд теңгеге көп көрсеткіш.
Есептік кезеңде KASE индексінің мәні 0,9%-ға кеміді. Ал акция нарығының капитализациясы 0,4 % немесе 17,3 трлн теңгеге өсті. Саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 11,6 %-ға артып, 13,5 трлн теңгені құрады.

Бағалы қағаздар нарығындағы сауда-саттық көлемі 173,9 млрд теңгеден

3269,9 млрд теңгеге жетті. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы

сауда-саттық көлемі 932,3 млрд теңгеден 1 821,5 млрд теңгеге көбейді.

Белгілі болғандай, биржаның ресми тізімінде 138 эмитенттің 122 акциясы орналастырылды. Үш компанияның акциясы листингтік емес бағалы қағаздар секторында айналымға жіберілді.

"Акциялардың қайталама нарығында сауда-саттық көлемі 29,6 % артып, 61,6 млрд теңгені құрады. Қайталама нарықта жеке тұлғалар белсенді болды.

Мәмілелердің жалпы айналымынын 55,3 % солардың еншісіне тиді. Осы жерде екінші деңгейлі банктердің үлесі - 0,4%, брокер-дилерлердің үлесі - 16,7 %, институционалдық инвесторлардың үлесі - 6,4%, заңды тұлғалардың үлесі - 21,1%, бейрезиденттердің үлесі - 1,1 % құрады", – деді KASE басқармасының төрағасы Алина Алдамберген.

Корпоративтік облигациялар нарығында 73 эмитенттің 264 шығарылымы болды. Нәтижесінде 11 эмитенттің 28 шығарылымы биржаның ресми тізіміне енгізіліп, 5 эмитенттің 10 облигациясы листингтен өтті.

"Жыл басынан бері 12 эмитенттің 20 корпоративтік облигациясының  шығарылымы биржаның ресми тізімінен алынды. 19 шығарылым облигациялардың айналыста болу мерзімінің аяқталуына, бір шығарылым дефолтқа байланысты болды", – деді басқарма төрағасы.

Оның сөзінше, есептік кезеңде биржаның сауда-саттық тізіміне Азия даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі сонымен қатар Халықаралық қаржы корпорациясы сынды халықаралық қаржы ұйымдарының 28 облигациясы шығарылды.

"Өткен кезең ішінде сауда-саттық көлемі 14,1 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  95,8% немесе 319,6 млрд теңгеге төмен", – деді Алина Алдамберген.

Валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі 54 48,7 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1% немесе 231,8 млрд  теңге аз көрсеткіш. Осы турасында басқарма төрағасы: "Бірінші тоқсанда теңгенің валюта нарығындағы ахуалы жағымсыз болды. Бұған мұнай бағасының құлдырауы, тауар айналымының азаюы, экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуі, жаһандық пандемия мен жаһандық рецессия қаупі кері әсер етті", – деді.


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу