Қаңтар оқиғасы: Ресми орган бүлікшілер туралы мәлімдеп, азаптағандар мен азапталғандарға қатысты айтпады

2068

Орталық коммуникациялар қызметінде Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің өкілдері қаңтар оқиғасын тергеу барысы туралы баяндама оқыды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қаңтар оқиғасы: Ресми орган бүлікшілер туралы мәлімдеп, азаптағандар мен азапталғандарға қатысты айтпады

Ішкі істер министрлігінің өкілі Мұхтар Қожаевтың айтуынша, өкілеттікті асыра пайдаланған, тергеу мен анықтау кезінде рұқсат етілмеген әдістерді қолданған тәртіп сақшыларына қатысты шағымды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және кей жағдайда арнайы прокурорлар тергейді.

Дегенмен арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болса да, жиынға қатысқан Нұрлыбек Сәбитов тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері туралы айтпады. Ол тек қиратуға қатысқан қылмыскерлер, қару ұрлағандар туралы мәлімдеді.

Жиынға Антикор өкілдері қатыспағанын айта кету керек.

Ал ішкі істер органдары жаппай тәртіпсіздіктер аясында жасалған ұрлық, тонау, бұзақылық, мүлікті қасақана бүлдіру, қаруды ұрлау, әрі сақтау сияқты фактілерді тергеп жатқанын айтады. 

Еске саламыз, адамдарды азаптау фактісі бойынша бір ғана полиция қызметкері қамауда отыр. Ал ҰҚК-дан сегіз адам қамауда. Жалпы азаптау фактісі бойынша 15 адам күдікке ілінген. Қамауда отырмағандарына қатысты әртүрлі шектеулер қойылған. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтқан.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу