Қара металдың кері әсері

10390

2016 жылдың тамызы мен желтоқсаны арасында Қазақстанда қара метал сынықтарын экспортқа шығаруға тыйым салу жоспарлануда. 

  Қара металдың кері әсері

"Иә, болады ( қара металдар сынықтарын экспорттауға тыйым салу- авт. ескертуі) Алдын- ала осы жылдың соңына дейін. Бұл отандық металлургия кәсіпорындарын жүктеу қажеттілігі үшін қажет",- деді инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек abctv.kz  сайтына.

Бұдан бұрын Қасымбек мырза Теміртау қаласында премьер-министр Кәрім Мәсімовтың төрағалық етуімен өткен тау- металлургиялық кешені мәселелері бойынша өткен кеңес барысында нарықты сараптау нәтижесінде мұндай бұйрықтың жобасы шыққанын айтты

 "Отандық өндірушілерде метал сынықтарының жетіспеушілігі мәселесіне байланысты жоспарлы көрсеткіштерге қолжеткізбеу тәуекелінің өсуі бар. Антидағдарыс жоспарын іске асыру барысында министрлікпен қара металдың қалдықтары мен сынықтарын экспорттау, импорттау, қолдану бойынша сараптама жүргізілген болатын. Метал сынықтарының  жетіспеушілігін ескере отырып, сіздің тапсырмаңызбен министрлікте қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салу туралы бұйрық жобасы дайындалды",- деді министр.         

Дегенмен, екінші металлургиялық өнеркәсіппен айналысушылардың республикалық одағы қара метал сынықтарын экспорттауға тыйым салуға қарсы.

 

"Біз бұған кері көзқарастамыз. Бұл нарыққа кері әсерін тигізетіні анық. Ол онсыз да кері әсерін тигізуде, осы тыйым салынған екі жылда метал сынықтарының ішкі қолданысы үш есе азайды, сондықтан тыйым салу жақсы ештеңе әкелмейді. Адамдардың бір қателікті екі қайталайтынына таң қаламын.  Ал ұлттық палата кері қорытынды берді. Қазір бұл бұйрықтың жобасы талқылануда. Біз экономикалық негіздеменің жоқ екенін түсінікті жаздық",- деді Владимир Дворецкий.

 Қазіргі уақытта қара метал сынықтарының құны ішкі және сыртқы нарықта бір тоннаға 49-55 мың теңгені құрайды. Ол тыйым салу енгізілсе, бағаның төмендейтінін атап кетті.

 "Біздің металлургтердің бағаны түсіретіні белгілі. Ал біздің бағада және көлемде де жоғалтатынымыз белгілі, яғни біз тыйым салғанға дейінгі көлемде сата алмаймыз",-деді ол.

 "Қазірдің өзінде беталыстың тиімсіз екені түсінікті. Қазірдің өзінде біздің металлургтер арттыру жағына емес, керісінше, төмендету жағына жұмыс істеуде. Олардың жалғыз мақсаты- метал сынықтарын сатып алуда қандай да болсын қаражатты үнемдеу, себебі бағалар төмендеуде. Бірақ ел бұл үшін үлкен ақшамен есеп айырысады",- деді Дворецкий мырза.

Оның пікірі бойынша, қара металды экспортқа шығаруға тыйым салудың пайдасы болуы мүмкін шығындармен жабылады.

 

 

 

 

 

"Біз баға бердік және үкімет мұнымен келісіп отыр. Өйткені ол 60 млрд. теңгені салығымен бірге жоғалтты. Ал егер металлургтар ұтқан болса, олар онда өздерінің 300 мың тоннасында 3 млрд. теңгені  үнемдеді. Яғни, елдің 60 млрд. теңгесі есебінен ұтып отырмыз",- деді ол.

Сонымен бірге, қара металға кезекті тыйым салу бұрынғы жағдайды қайталап қана қоймайды, ол бұрынғыдан да төмендейді деп атап кетті ол.

"Бір KSP Steel өзі 1 млн. тоннаны өндірді және оған метал сынықтары жетпейді деп, тыйым салуды енгізу деді. Тыйым салғаннан кейін 2014 жылы ол үш рет түсті, ал 2015 жылы  314 мың тоннаны өңдеді,  яғни үш рет түсті, елдің көрсеткіші жобамен екі есе түсті, егер бұрын "Митталмен" бірге 1,7 млн. өңдесе, ал  тыйым салғаннан кейін 0,9 млн. өңдеді. Тыйым салудың мақсаты өндірісті арттыру, ал ол болса төмендеп кетті. Біздің сала экспортқа миллион теңге жеткізбей тастады, ал бұл сол кездегі бағамен 60 млрд. теңге",- деді Дворецкий мырза.

Оның айтуынша, бұрын тыйым салу осы саладағы он мыңнан астам жұмыс орындарының қысқаруына әкелді.

"Себебі метал сынығына сұраныс жоқ. Адамдар табыстарынан айырылып қалды. Мұндай адамдар көп, оған біздің дәлеліміз бар",- деді ол.

Владимир Дворецкий Қазақстанда жыл сайын бес миллион қара метал сынықтары жиналып қалатынын, оның 3,5 миллион тоннаға жуығы жиналады.

Бұдан бұрын қара метал сынықтарын шығаруға мониторинг 2013 жылдың соңында жасалған болатын. Егер 2012 жылы 1,37 млн. тонна өңделген болса, ал 2013 жылы 0,83 млн. тонна, 2014 жылы 0,95 млн. тонна өңделген.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу