Карлос Адамес жеңіліп көрмеген қазақ боксшысынан қашып жүр

Солай бола тұра ол "Қазақ стилі" – Жәнібек Әлімханұлын жеңетініне сенімді.   

Карлос Адамес жеңіліп көрмеген қазақ боксшысынан қашып жүр Фото: Жеке парақшасынан

Орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес мұндай пікірді әлеуметтік желідегі жазылушысына айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Доминиканалық боксшымен диалог барысында жанкүйерлер оны "Қазақ стилінен" қашып жүрсің" деп айыптаған. 

"Сен менің құрметімнен айырылдың. Неге жай ғана Жәнібекпен жұдырықтаспайсың? Ол онша мықты емес қой" деп жазды жанкүйері.

Адамес бұл сынға іле-шала "Мен оны тоқтатар едім" деп жауап қатқан. 

Айта кетейік, IBF және WBO белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен 
Карлос Адамес арасындағы жекпе-жек қараша айында Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған еді. Бірақ, доминиканалық боксшы жекпе-жектен бас тартты. Басты себеп, ол қазақстандық чемпионмен жекпе-жектің қаржылық және ұйымдастырушылық шарттарына келіспеген. 

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен желтоқсан айында жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін жаздық. 

Одан өзге Канелоны "құлатқан" боксшының "Қазақ стилінен" 100 миллион доллар сұрап отырғаны белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу