Қаршадай қазақ футболшысы әлемдік рейтингте көш бастады

Үздіктердің тізімін Transferroom порталы тізіп отыр. 

Қаршадай қазақ футболшысы әлемдік рейтингте көш бастады Фото: sport24.ru

21 жасқа дейінгі әлеуеті зор футболшылардың рейтингінде Дастан Сәтпаев 1-орында келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қайрат" футбол клубы мен Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев үшін 2025 жыл жемісті болды деуге негіз бар. Оның әлеуеттік рейтингі – 88,6. Бұл чемпионаттағы орташа көрсеткіштен (65,6) айтарлықтай жоғары. 

Екінші орынға Гондурас құрамасы мен "Олимпия" клубының 18 жастағы форварды Дерек Монкада жайғасқан (86,7). Ал үздік үштікті Боливияның "Боливар" клубының қорғаушысы Эсклейсон Фрейта (87,1) түйіндейді. 

TransferRoom-ның жазуынша, бұл ойыншылардың әлеуеті Йозуа Киммих, Усман Дембеле және Рубен Диас сынды жұлдыздардың қазіргі деңгейінен кем емес.

Еске салайық, Дастан Сәтпаевтың дәл қазіргі көрсеткіші 2025 жылғы "Алтын доп" иегері Усман Дембеледен де жоғары болып тұр. 

Бұған дейін Дастан Сәтпаевтың әлемдегі таңдаулы ТОП-5 футболшының тізімінде барын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу