Қаржы пирамидасы: Вайнер, блогерлерді тоқтата алмаған агенттік сынға қалды

1517

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Қаржылық мониторинг агенттігінің жұмысын сынға алды. Агенттік қаржы пирамидаларының жолын дер кезінде кеспеді, адамдарға алдын ала ескертпей, жаппай зардап шегуге дейін жеткізді деп есептейді. 

Қаржы пирамидасы: Вайнер, блогерлерді тоқтата алмаған агенттік сынға қалды

"Блогер, вайнер және қоғамға өтімді тұлғалар адамдарды қаржы пирамидаларына жаппай тартқанын бәріміз білеміз", – деді депутат Дания Еспаева

"Гарант 24 ломбард" бір жылдан артық сіздердің танауларыңыздың астында ашық жұмыс істеді. Мұны қалай түсіндіресіздер? Қашан 27 адам зардап шегеді деп күттіңіздер ме? Сонымен бірге бүгінде әлеуметтік желіде адамдарды тартып жатқан компаниялар бар екенін білемін. Ресейде жабылған, бірақ Қазақстанда жұмыс істеп отырғандар бар. Сіздер қалай жұмыс істедіңіздер? Алдын ала шараларыңыз болса, көптеген адамды қалай тартып алып жатыр?", – деп ашуланды депутат.

Агенттік төрағасының орынбасары Ғабит Садырбеков адамдар оңай олжаға кенелгісі келетінін алға тартты.

"Мен не түсіндіре аламын? Адамдар аз уақытта көп пайыз, көп ақша береміз деген жерге барады. Барша адамды қарап жүре алмаймыз ғой. Мұндайдың алдын алу үшін қолдан келгенін істеп жатырмыз", – дейді Садырбеков.

Айта кету керек, мәжіліс депутаттары қаржы пирамидаларына қатысты заңдағы олқылықты жоюды көздейді. Осы мақсатта екі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап, алдағы уақытта қарауға алды. Қаржы пирамидасын жарнамалағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырмақ.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу