"Каспий" Қазақстан Кубогінің алғашқы турында "Тұранды" ірі есеппен жеңді. Матч Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өтіп, 4:0 есебімен аяқталды. Кездесудің 26-минутында есеп ашқан Руслан Мингазов сегіз минуттан кейін дубль авторы атанды. Ал бірінші таймның аяқталуына үш минут қалғанда Рамазан Кәрімов командасының үшінші голын соқты. 80-минутта Бекзат Қабылан көзге түсіп, ойынның нүктесін қойды.
Сенімді түрде жеңіске жеткен ақтаулық клуб үш ұпаймен Д тобында бірінші орынға көтерілді. "Қайрат" екінші орында тұр (3 ұпай). Ұпайы жоқ "Жетісу" мен "Тұран" соңғы орындарға тұрақтады.
"Ақтөбе" Қазақстан Кубогінің алғашқы турында "Ақжайықтан" жеңіліп қалды. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда өтіп, 0:2 есебімен аяқталды. Ойынның 41-минутында "Ақжайықтың" жартылай қорғаушысы Евгений Козлов есеп ашты. Ал 77-минутта дәл осы футболшы дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады. Алғашқы үш ұпайына қол жеткізген оралдық клуб С тобында бірінші орынға шықты. "Ақтөбе" ең соңғы орынға табан тіреді. Ал бір ұпайдан жинаған "Қайсар" мен "Астана" сәйкесінше, екінші және үшінші орындарда тұр.
"Атырау" Қазақстан Кубогінің алғашқы турында "Мақтааралмен" тең кездесті. Матч Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы голды "Мақтаарал" соқты. 19-минутта есеп ашқан Рүстемов, тоғыз минуттан кейін дубль жасады. Бірақ 35-минутаа Жиан Мартинс пенльтиден гол соқты. Ал 42-минуттта Петр Гжельчак таразы басын теңестірді. В тобында қос команда бір ұпаймен екінші және үшінші орында тұр. "Тобыл" көш басында тұр.
Ермұхамед Мәулен