Катар қатері қайдан шықты?

5887

Араб елдерінде ірі дипломатиялық қақтығыс орын алуда.

Катар қатері қайдан шықты?

Жеті араб мемлекеті Катарды террористерді қаржыландырды деп кінәлап, онымен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді. Бұл елдердің ішінде Бахрейн, Египет, Йемен, Ливия, Мальдивия, Біріккен Араб Әмірліктері және Саудия бар. Ал Катар астанасы Доха барлық тағылған айып фактілері дәлелденбеген деп мойындамай отыр.

Катар үкіметі Иракқа барған сапары барысында тұтқынға түскен патша отбасы мүшелерін сатып алу үшін террористерді қаржыландыру қажет болғанын айтады. Олар Ирактың оңтүстігіне аңға шығуға кетіп лаңкестердің қолын түсіп қалған патша отбасының 26 адамын құтқару үшін  сәуір айында лаңкестік топ әскерилеріне шамамен миллиард доллар аударған.

Дипломатиялық жанжалды туындатушы Бахрейн мен Саудия өз әрекеттері арқылы өздерінің ұлттық қауіпсіздігін лаңкестіктен қорғағысы келетінін мәлімдеді.

Саудиялықтардың мәліметінше, Катар үкіметі Сирияда соғысушы "Ислам мемлекетіне" ақша мен қару-жарақ жеткізіп отыр.

Ал Біріккен Араб Әмірліктері Катар үкімет бақылауындағы БАҚ арқылы "Әл-Каида" лаңкестік тобының идеяларын таратады деп есептейді.

Саудия Катармен арадағы теңіз, әуе және құрлықтағы шекараларын жапты. Бұл құрлықтағы  Катармен шекаралас жалғыз ел. Ал Египет болса әуе және теңіз шекараларын жапқан. Парсы шығанағы елдері Катар азаматтарына өз елдеріне кетуге екі апта уақыт берсе, Біріккен Араб Әмірліктері тек 48 сағат қана уақыт берген.  

Дохаға қысым жасалуда

Financial Times Катар мен Саудия арасындағы жалғыз құрлықтық шекараны жабу азық-түлік тапшылығына әкелуі мүмкін, Катар қазір Иранға азық-түлік тасымалдап отыр дейді.

ВВС мәліметіне сүйенер болсақ, Катар мен Иран арасындағы дәл осы жақсы қарым-қатынас араб елдерінің қабылдаған шешіміне себеп болған.

Катар әмірі Тамим бин Хамада әль-Тани Дохаға қыр көрсетіп жатқан елдерде көрсетілуге тыйым салынған Al Jazeera арнасынан Саудия үкіметін қатты сынаған болатын.

Журналистер Саудияның астанасы Эр-Риядқа АҚШ президенті Дональд Трамп іссапармен келіп кеткеннен кейін араб елдеріндегі жағдай ушыға түскенін айтады. Сол сапар барысында Саудияға Израильмен бірге лаңкестік және шейттік Иранға қарсы сүнниттік елдердің одағын басқару ұсынылған болатын. 

Дипломатиялық дағдарыстың салдары қазірдің өзінде байқалуда. Жақында Катардың қор нарығы 5,5%-ға түсіп кеткен, ал Brent маркалы мұнай бағасы керісінше 1,6%-ға өсіп, Лондонның ICE биржасындағы бағасы бір баррель үшін 50,74 долларға дейін өскен, бірақ кейін баға тағы 1,12%-ға түсіп кетіп, бір баррель үшін 49,37 доллар болған.

Катардың мұнай нарығына әсері жанама, сондықтан осы елге қатысты оқиғалар әртүрлі пікірдің туындауына себеп болуда, әңгіме тіпті араб елдері мұнай бағасын жоғары ұстап тұру мақсатында әдейі келіскендігі жайында да болды.  Бірақ та көптеген сарапшы "қастандық теориясымен" келіспейді.

Қазақтанның СІМ Катарға қатысты жағдайға өз пікірін білдірді. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов араб елдерін Катармен арадағы қатынасты бұзбауға шақырды.

"Осы оқиғаға қатысы бар барлық тарапты ұстамдылық танытып, өзаратиімді шешім қабылдауға шақырамыз. Бұл шешім ең бірінші дипломатиялық қарым-қатынастың алшақтауынан және осы елдер арасындағы қарым-қатынастан зардап шегетін қарапайым халық үшін жасалуы керек. Біз барлық тарап алауыздықты реттеп, бұл жағдайды дипломатиялық жолмен келіссөздер жасау арқылы шешеді деп үміттенеміз", – деді сыртқы істер министрі сейсенбі күнгі үкімет отырысының сыртында болған әңгімеде.

Аbctv.kz-ке пікір білдірген сарапшының көбісі Катарға қатысты жағдай шындығында да мұнай нарығына әсер етуі мүмкін екенін айтады, бірақ бұл ұзаққа созылмайды деп отыр.   

Серіктестердің өзара келіскен "қулығы"

Саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев Катар ДАИШ-ке материалдық қолдау көрсетіп, Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақсызданып, ушыға түсіне көмектесіп отырғаны туралы пікірдің бұрыннан айтылып жүргенін сөз етті. Мұндай ақпараттың басқа араб мемлекеттері үшін құпия болуы мүмкін еместігін де айтты. Бірқатар араб мемлекеттерінің Катармен арақатынасты үзуі алауыздықтан гөрі серіктестерімен алдын ала келісілген саяси қадамға ұқсайды деп топшылайды сарапшы.

Оның айтуынша, Катармен арадағы күтпеген дипломатиялық қақтығыстың мұнайдың әлемдік бағасына қатысты экономикалық астары бар. Саясаттанушы кез келген мұнай өндіруші мемлекет көмірсутек бағасының жоғары болғанын қалайды дейді. Сонымен бірге МЭЕҰ елдерінің және басқа да мұнай өндіруші елдердің мұнай өндіруді шектеу туралы келісімі бағаны тұрақтандырып, бағаның айтарлықтай өсуіне әкелмейді, ал бұл бюджетке түсетін кірістің де өспейтінін білдірмек. Сондықтан Катармен араб мемлекеттері арасындағы жағдай мұнай нарығында дүрлігу тудырып, мұнай бағасын өсірмекші. Сонымен бірге ол Катарға қатысты жағдай арабтарға қатысты екенін, мұны Дональд Трамптың сапарымен байланыстыру ағаттық екенін айтады.

"АҚШ-тың таяушығыстық саясаты қарама-қайшылыққа толы, оның ең бастысы геосаяси күресте өңірдегі жағдайды  өз мүдделерін ілгерілету үшін тиімді құрал ретінде қолданбай, лаңкестікпен нақты күресу қажет екенін түсіну керек. Катар мен Саудия ақ сүйектері арасында қалыптасқан тарихи қарым-қатынасқа қарамастан, Катарды жау көру дұрыс емес. Бірақ  мұның барлығы мұнай бағасын арттыру мақсатындағы ойын екенін ескерсек, онда мұнай бағасының көтерілуі уақытша", – деді Сұлтанбек Сұлтанғалиев. 

Нарық зиян шекпейді

Энергетика қауіпсіздігі саласының сарапшысы Ровшан Ибрагимов қарсылық білдіруші Парсы шығанағы елдері Катарға қарсы санкцияны мұнай бағасын көтеру үшін істеп отыр деген ақылға сыйымсыз деп есептейді. Өйткені Катар көбінесе мұнай емес, газ шығарады және оны  LNG түрінде өндіреді. Осылайша бұл елге қатысты санкция баға белгілеуге мүлдем әсер етпейді.

Сарапшының айтуынша, Катарға қатысты санкция АҚШ-пен келісілген. Саудиямен келіскен АҚШ ДАИШ-ты және басқа да топтарды қаржыландыру көзін жоюға тырысады деп есептейді.

"Открытие Брокер" компаниясының бас директорының макроэкономика жөніндегі кеңесшісі Сергей Хастенов қазіргі мұнай бағасына қарап отырып, нарықта қауіп бар дегенге сенбейтінін айтады. Қандай да бір ресми емес уағдаластық бар шығар, бірақ мұнай бағасының жоғары болуының зиянынан гөрі пайдасы көп. 

Ресей мен ТМД елдеріндегі инвесторларға арналған әлеуметтік  желі eToro-ның өңірлік директоры Павел Салас өткен аптада АҚШ энергия тасымалдаушылар қорының айтарлықтай қысқаруы туралы мәлімдесе де, нарық қатысушылары шикізат сегментінде позицияларын жоюды жалғастыруда деп мәлімдеді.  Бұған бірнеше себеп бар.

Біріншіден, бұрғылау сияқты мұнай өндіруде  өсіп отыр. Baker Hughes-тың мәліметі бойынша, өткен аптада белсенді бұрғылау саны тағы да 11 данаға дейін, яғни 733 бірлікке дейін өскен. Ал бұл алдағы уақытта қатпарлы кен орнында өндіру көлемі артады деген сөз.

Екіншіден, нарық үшін Трамптың Америка Париж келісімінен шығады дегені үлкен соққы болды.

МЭЕҰ-нің өндіруді төмендету туралы әңгімесі мен картелге кіретін елдердің өндірісінің мамыр айында өсуі  отқа май құйғандай болды. Мұның барлығы нарықтағы жағдайды одан әрі күрделендірді, сол себепті МЭЕҰ сарапшылары осы аптада баға белгілеу мен мұнай бағасын қалыпқа келтіру үшін  нарыққа  қарсы дау айтпақ. Алайда тіпті бұл жағдайдың өзінде мұнай трейдерлерінің жалпы жағдайы әзірге жақсармаса, мұнай бағасының өсу келешегі шектеулі болады. Brent маркалы мұнай бағасы алдағы қысқа уақыт ішінде өсіп, сатып алушыларды қайта тартып, бір баррель үшін 51 доллар болмақ. Активтің өсуіне картелге қатысты жағдай емес, Трамптың Вэнесуэлла секторындағы мұнайға қарсы санкция енгізу туралы хабары әсер етуі мүмкін деп отыр сарапшы.

GLOBAL FX бас сарапшысы Сергей Мельников егер Таяу Шығыстағы жағдай ушыға түсетін болса, онда бұл "қара алтын" нарығына жақсы қолдау көрсетеді деп есептейді. Сонымен бірге өткен жексенбіде саудиялықтар Азия, Солтүстік-Батыс Еуропа елдері мен АҚШ үшін өз мұнайының ресми бағасын өсірді. Алайда Brent маркалы мұнай бағасын қалыпқа келтіруге жасалып жатқан әрекеттер тұрақсыз болып көрінеді, ал азірге мұнай бағасы бір баррель үшін 50 доллар шамасында болып отыр. Бірақ МЭЕҰ келісімінің мерзімі біткеннен кейін баға 40 доллардан да төмен түсіп кетуі мүмкін екендігін айтты. 

Кінәлі жақ белгілі болды

TeleTrade Central Asia сараптамалық тобының басшысы Сергей Полыгалов Катардың қазіргі жағдайы "екі түйе сүйкенсе, шыбын өледінің" кері болып отырғанын айтады. Оның айтуынша, орын алып отырған соңғы жағдайлардың артында саяси емес экономикалық астар жатыр. Санкцияның құрсауынан енді ғана шыққан Иран мұнай өндіру көлемін арттыру арқылы өзінің экономикалық  жағдайын қалыпқа келтіргісі келетіні белгілі.

МЭЕҰ келісімі аясында Саудия мұнай нарығының жартысын жоғалтады. Ал осы тұста МЭЕҰ келісімінен босап шыққан Иран мұнай өндіруді арттырып қана қоймай, саудиялықтар көшбасы саналған елдерге мұнай тасымалдауды арттырмақшы. Иранға саяси шиеленісті ушықтырмай тікелей әсер ету қиын. Осы тұста Катардың Парсы шығанағы тарапынан Иранға жасалып жатқан сыртқы қысым туралы ашық айтқаны жақсы сылтау болды деп есептейді Сергей Полыгалов.

Оның айтуынша, Катармен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастың алшақтауы мұнай нарығына еш әсер ете алмайды. Катар қақтығыс салдарынан МЭЕҰ келісімшартынан шығып кетсе де, жағдай еш өзгермейді.  Бүгінгі күні Катарға барлық мұнай өндіруші қуаттар тартылған, ал Катардағы мұнай кен орны айтарлықтай жасалған. Егер Парсы шығанағы елдері арасында әскери қақтығыстар болатын болса ғана мұнай бағасы өзгеруі мүмкін. Жалпы саяси жағдай бір мезеттік қана емес, сондықтан қақтығыс бейбіт жолмен шешілуі мүмкін деді сарапшы.

"Катармен арадағы қарым-қатынастың алшақтауына Дональд Трамп себепкер болды деген жай сөз. Бұған ең бірінші Иран себеп болып отыр, өйткені олар мұнай өндіруді арттырып, Құрама Штаттардың МЭЕҰ-ның өндіруді қысқарту туралы келісімін толықтай қолдануға мүмкіндік бермеуде. МЭЕҰ сонау 2016 жылдың желтоқсанында өндіруді қысқарту туралы келісім жасағанда мұнай бағасына экономикалық қолдау жасау мақсатында емес, керісінше АҚШ-тың өндіруін арттыруға мүмкіндік  беру мақсатында жасаған деген ой көптен бері көңілде жүр. 2016 жылдың соңында мұнай бағасы қалыпқа келе бастады. Америкалық қатпарлы мұнай өндірушілер мұнай өндіруді тоқтатты, өйткені мұнай бағасы өндірушілердің ойлағанындай болды. Бірақ сол кездегі өндіру деңгейіне қоса кез келген қосымша өндіру мұнай бағасына әсер етер еді. АҚШ өндіру көлемін арттырып, бірақ баға тиімді деңгейде қалу үшін не істеу керек? Әрине, картелдегі өндіру көлемін қысқарту керек.  АҚШ пен МЭЕҰ арасындағы нұнай нарығындағы баға белгілеуге қатысты "қарым-қатынасының" қандай екені ешкімге құпия емес. Осыған қарап-ақ Катер мен Парсы шығанағы елдері арасындағы алауыздық АҚШ-тың Иранға жасап отырған қысастығы екенін түсінуге болады", – деп қорытындылады ол.  

Гүлназ Ермағанбетова, Асқар Момынов

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу