Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу- бұл мүлдем басқа деңгей

Артур Мискарян Артур Мискарян
8038

Роман Василенко Қазақстандық елшіліктің жоспарлары мен келешегі жайында.

Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу- бұл мүлдем басқа деңгей

Қазақстан елшілерінің, халықаралық қоғамдастықтың маңызды мәселелері және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне уақытша мүшесі ретінде сайлануы жайында сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко abctv.kz сайтына әңгімелеп берді.

- Роман Юрьевич, Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүше болып сайлану- Қазақстан  үшін нені білдіреді, біздің елдің өкілдері  БҰҰ-да қандай жұмыстар атқарады ?

-  Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік Қазақстанның, жаңа сапалы елшілік жұмыс деңгейіне шығу мүмкіндігі дегенді білдіреді. Барлық елдің қауіпсіздік мәселесін шешетін, Қауіпсіздік Кеңесі құрамына БҰҰ жарғысының орындалуын бақылайтын және әлемнің барлық елдері орындауға міндетті қарар қабылдайтын 15 мемлекет кіретіндіктен бұл мүлдем басқа деңгей. Дәл осы Қауіпсіздік Кеңесінде халықаралық қауымдастық, мысалға, Солтүстік Корея сияқты мемлекеттерге санкция салынады.

Қазақстан БҰҰ-ның барлық мүшелерімен өзара әрекет етуге ниетті және, әрине, әлемдегі бар мәселелерді дипломатиялық әдіспен шешуге жұмыс істейтін болады. Біздің елшілер бар мәселелердің тоқтатылуына және жаңа жанжалдарды болдырмауға, біздің президентіміз айтып отырған ядролық қарусыздандыру мәселесін алға жылжытуға жұмыс істейтін болады. Тағы да бір міндет- адамның терроризм мәселесімен күресу механизмін жетілдіру. Жалпы біздің жұмысымыз бар мәселелердің барлығын дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған.

-  Қазақстан үшін ресей-түркия қарым-қатынасы қандай маңызға ие және Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына Қазақстанның әсері бар ма?

-  Әрине, Қазақстан мен Түркияның қарым-қатынасына ресей-түркия қарым-қатынасы әсер етеді. Мен біздің президентіміз осы мәселені реттеуге қол жеткізу үшін соңғы жеті айда бірнеше рет телефон арқылы әңгіме жүргізгенін және жеке кездесулер жасағанын баса айтқым келеді. Дәл кеше ғана Путинмен Эрдоган арасында, содан кейін Эрдоганмен біздің президент арасында телефон арқылы әңгіме жүрді. Әңгіме барысында түрік көшбасшысы  Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресей мен Түркия арасындағы мәселені реттеуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. 

 Менің ойымша, біздің президенттің бұл мәселені шешуге араласуына себеп -Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы Қазақстанға да әсерін тигізді. Біздің ел екі елмен де саяси және экономикалық тығыз байланыста. Қазақстан мен Түркия арасындағы бизнес Түркияға қатысты Ресейдің санкция салуына байланысты қиындық көрді. Біз екі одақтас ел арасындағы өзара қарым- қатынастың жақсаруына шын жүректен қуаныштымыз, Қазақстан дәстүрлі түрде әлемдегі тұрақтылықты жақтайды. Аталған жағдайда Қазақстан бітімге келтіруші ретінде өз үлесін қосты.

-  Бүгінгі күні дүниежүзілік қоғамдастық сирия мәселесіне алаңдауда. Қауіпсіздік Кеңесте болу кезінде біздің елшілер бұл мәселеде нені басшылыққа алады? 

-  Сирия мәселесіне қатысты Қазақстанның ұстанымы- ондағы мәселелердің барлығы дипломатиялық әдістермен шешілуі керек. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарлары қабылданды, онда Ресей, АҚШ және сирия оппозиция өкілдері кіретін халықаралық делдалдардың үлкен тобы арасында келісімдіктің бар екенін растайды, сонымен қатар, олар соғыстың тоқтатылу механизмін де бекіткен.  Қазақстан түйісу нүктесі мен мәселені шешу үшін сириялық оппозициямен келіссөздердің екі раундын кездейсоқ қабылдаған жоқ. Біз Сирия бойынша халықаралық делдалдар келісімінде жазылған нақты әрекет ету алгоримі бар деп есептейміз. Бар шешімдер бекітілген және орындалуы керек.

-  Әлемдегі барлық территориялды жанжалдардың негізігі мәселесі- халықтың өзін-өзі билеу және мемлекеттің территориялды тұтастық қағидалары қайшылықтарының болуы. Осы мәселеге қатысты қазақстандық СІМ ұстанымы қандай?

-  Әлемдегі территориялды жанжалдарды шешуде Қазақстан территориялды  тұтастық қағидасына да, өзін-өзі билеу қағидасына да басымдық бермейді. БҰҰ жарғысында жазылғандай екі қағида да тең дәрежеде маңызды. Екі қағида туралы бірдей айтылады, қағидалар арасында қайшылықтар бар екені түсінікті. Өкінішке орай, бұл қайшылықтардың әмбебап шешімін адам баласы әлі ойлап тапқан жоқ.

Бар қайшылықтарды шешудің  әзірге шешімі болмағандықтан, Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан территориялды тұтастық қағидасының сақталу мен өзін-өзі билеуде халықтың құқығының құрметтелуін бақылайтын болады.

-  Қазақстанның туристік және бизнестік тартымдылығы үшін ішкі саяси мекемелермен қандай шаралар қарастырылуда?

-  Өткен аптада Қазақстанның СІМ барлық аса көп тараған iOS, Android және Windows Phone тұғырнамаларында жұмыс істейтін "Қазақстан- Ұлы дала елі" атты қосымшаны ұсынды. Қосымшаның мазмұнында фото және бейнематериалдар, интерактивті графикалар, карталар және панорамалар бар. Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді және бұған дейін ешкім шығармаған Қазақстанның өз алдына сандық энциклопедиясы болып табылады. Қазір біз қолданушылардың конструктивті сыны мен пікірлерін жинаудамыз. Қазірдің өзінде қосымшаға көптеген интерактивті, қонақүйлер, турфирмалар және т.б  туралы мәліметтерді қосу керектігі жайында түсінік бар. Біз осы жоба бойынша конструктивті ұсыныстарды қабылдауға дайынбыз. Қосымша шетелде біздің елімізді танытатын қазақстандықтар мен Қазақстанды көргісі келетіндерге бағдарланған. Қазіргі уақытта біздің елімізді алыс елдердің терең танымауы сияқты мәселелер бар. Қосымшадағы барлық материалдар мәтіндік түсіндірулермен беріледі. Қосымшаның жасалу мақсаты Қазақстанға деген туристік қызығушылықты және бизнес қызығушылықты арттыру. 

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен 23,8 трлн. теңгеден артық 260 коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Мемлекет басшысының былтырғы жылы ҚХР, АҚШ, Ұлыбританияға, Францияға және Италияға барған сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді сақтау біздің елшілеріміздің жіті бақылауында. Ол кезде 12 трлн. теңге сомасына 80-нен астам келісімге қол қойылған болатын.

-  Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелікке Қазақстан жалғыз үміткер болған жоқ. Дауыс берудің қорытындысы бойынша біздің мемлекеттің таңдап алынуына не себеп болды?

-  Біз бір орынға Азия-Тынық мұхиты тобынан дауысқа түстік, біздің жалғыз бәсекелесіміз дайындықты үш жыл бұрын бастаған Таиланд болды. Біздің өтінішіміздің табысты болуына әлемдік аренада жауапты ойыншы ретінде Қазақстанға деген сенім, Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі саясатына деген сенім мен құрмет және ядролық қарусыздандыру бойынша біздің бастамаларымызға, дінаралық және өркениет аралық диалогқа деген құрмет шешуші фактор болды деп ойлаймын. Бұл істе ішкі саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында қарқынды дамуы маңызды мағынаға ие. Осы барлық факторлар олардың  біздің кандидатурамызды қолдау туралы шешім қабылдауында елдердің жиынтығымен қарастырылды. Қазақстан барлық дауыстың үштен екісін жинады, ал бізге дауыс бермеген елдер Таиландқа өз қолдауын білдіруге ертерек уәде беріп қойғандар деп есептеймін. Содан соң, дипломатикалық әдепке сай оларға бұл жағдайды қайта қарау қиын болды. 

Артур Мискарян

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу