KAZ Minerals қарызын кейінірек өтейтін болды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2923

Мыс тобы несиені қайта қаржыландыру мерзімін 2018 жылдан 2021 жылға дейін ұзату туралы банктер синдикатымен келісті.

KAZ Minerals қарызын кейінірек өтейтін болды

KAZ Minerals тобы экспорт алдындағы несие желісін 2021 жылға дейін қайта қаржыландыру және қарыз сомасын 600 млн долларға дейін ұлғайту туралы банктер синдикатымен келісімге келді.

KAZ Minerals баспасөз қызметінің хабарлауынша, берешекті өтеу мерзімі 2,5 жылға, яғни 2018 жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың маусым айына дейін ұзартады.  Қарыздың негізгі сомасын өтеу 2018 жылдың маусым айында басталып, содан кейін 2021 жылдың маусым айына дейін үш жыл бойы ай сайынғы бірдей бөлшектермен төленеді.

"Несие желісінің 600 млн долларға дейін ұлғайту нарық тарапынан көрсетілген сенімділіктің белгісі. Қолданыстағы несие желісі бойынша 2017 жылғы 31 мамырдағы 224 млн доллар көлеміндегі берешекті алып тастағандағы 600 млн доллардан қалған сомасы алты ай ішінде, яғни 2017 жылдың желтоқсан айына дейін игеретін болады. Жаңа несие желісі бойынша пайыздық мөлшерлеме қолданыстағы желідегідей, яғни ауыспалы маржасы АҚШ долларымен есептелген LIBOR мөлшерлемесі бойынша 3,0%-дан 4,5%-ға дейін. Ол жарты жылда бір рет өлшенетін таза қарыздың EBITDA1-ге қатынасына байланысты. Жаңа несие желісі бойынша қаржылық ковенанттар да топтың Бозшакөл мен Ақтоғай сияқты жаңа кеніштеріндегі өндірісті арттыру кезіндегі резервті ұлғайту үшін қайта қаралды", – деп көрсетілген хабарламада.

Несие желісі бойынша басқа қарыз берушілер арасында ABN AMRO Bank NV, Bank of China Limited, Citibank NA, Crédit Agricole Corporate and Investment Bank, ICBC London, JP Morgan Limited, Natixis және UniCredit S.p.A. бар. Deutsche Bank AG желіні қамтамасыз етудегі сенімді басқарушы - ING Банкпен бірлесіп агент-банкі рөлін атқарып отыр.

"Біз экспорт алдындағы несие желісіне өзгерістер енгізіле отырып қайта қаржыландыруға қол жеткізгенімізді және 12 банктен құралған синдикаттың несие мерзімін ұзартқанын қуана хабарлаймыз. Бізге берілген жаңа несие желісі – қарыз беруші банктер тарапынан бізге деген сенімінің көрсеткіші. Қатысушы банктер өздерінің үлесін сақтайды немесе ұлғайтады. Сонымен қатар синдикатқа төрт жаңа банк қосылды. Экспорт алдындағы жаңа несие желісі Бозшакөл мен Ақтоғай сияқты жаңа кеніштерінің өндірісін ұлғайтуда топтың қаржылық икемділігін арттырады", – деп баса айтты KAZ Minerals тобының қаржы директоры Эндрю Саузам.

500 млн доллар сомасындағы несие желісін KAZ Minerals-қа 2014 жылдың қазан айында Bank of China Limited, Citibank N.A., Credit Agricole Corporate and Investment Bank, Deutsche Bank AG, ICBC (London) PLC, ING Bank N.V., JP Morgan Chase Bank, N.A. және  Societe Generale банктер синдикаты берген болатын.

Негізгі қарыз үш жыл ішінде 2016 жылдың 31 қаңтары мен 2018 жылдың 31желтоқсаны аралығында өтеледі деп жоспарланған болатын. Мәміле шарттарына сәйкес пайыздық мөлшерлеме ауыспалы болады және таза қарыздың EBITDА-ға қатынасына байланысты болады.

KAZ Minerals – Қазақстандағы мыс өндіретін жетекші компаниялардың бірі, оның бес кеніші және төрт кен байыту фабрикасы бар. Топ "Қазақмыстың" азшығынды өндірістері базасында құрылды. Топ Бозшакөл мен Ақтоғайдың ірі даму жобаларын дамытып келеді және 2018 жылға қарай мыс өнідірісін 300 мың тоннаға дейін ұлғайтпақ, оның 80%-ын жаңа ашылған кеніштерден алмақшы. Сондай-ақ компания ілеспе өнім ретінде едәуір мөлшерде мырыш, күміс және алтын өндіреді. KAZ Minerals PLC компаниясының құнды қағаздары Лондон, Қазақстан және Гонконг қор биржаларында айналымда. KAZ Minerals-тың нарықтық капиталы 2,2 млрд фунт стерлингті құрайды, 8 маусымда Лондон биржасындағы акциясының құны 499,7 пенсті құрады.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу