Қазақ футболшысы әлемнің үздік сұрмергені атанды

Мұндай сүйінші жаңалықты Бразилияның Noite de Copa порталы жариялап отыр. 

Қазақ футболшысы әлемнің үздік сұрмергені атанды Фото: kff.kz

Бірақ, бұл көрсеткіш тек 16 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы бәсекеге негізделіп жасалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, қазақстандық вундеркинд Дастан Сәтпаев жер-жаһанның үздік сұрмергені саналған.

Спорттық басылым 2025 жылы аталған жастағы футболшылардың соққан голын есепке алып, нәтижелі пас берудегі еңбегін де қарастырған. Қазіргі уақытта ол 9 гол соғып үлгерді.

Дастан Сәтпаев 2008 жылы Алматыда туған. Сегіз жасында "Қайрат" академиясына қабылданып, дайындықтың барлық сатысынан абыроймен өтті.

Ол 2024 жылдың мамырында "Қайрат" командасында дебют жасаған ең жас футболшы ретінде тарих жасады. QJ лигасындағы 28 ойында талантты спортшы 26 рет мергендігімен танылып, 10 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сонымен қатар, Дастан Сәтпаев футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльспен өткен ойынның 74-минутта алаңға шықты. Осылайша, 16 жас 7 айға толғанда ұлттық құрамада алғашқы ойынын өткізіп, рекорд орнатты. Осыған дейінгі көрсеткішке Жамбыл Көкеев (17 жас 4 ай) ие еді.

Бірнеше күн бұрын ғана көрші елдің басылымы Сәтпаевты жер-көкке сыйғызбай мақтаған еді. 

Әрі вундеркинд Дастан Сәтпаевтың елдегі ең қымбат ойыншылардың қатарында тұрғанын жаздық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу